Жаңалықтар

«Академиялық ықпал» бағдарламасының жетекшісі Раму Дамодаран ҚазҰУ ректорының атына алғыс хат жолдады

05.11.2012

«Құрметті ректор Ғалым Мұтанов! Жоғары деңгейдегі конференцияны өткізудегі үлкен бастамаңыз бен конференция жұмысына жетекшілік жасағаныңыз үшін менің жүрекжарды алғысымды қабыл алыңыз. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті мен БҰҰ-ның «Академиялық ықпал» бағдарламасы арасындағы ынтымақтастықты ары қарай дамытудың үлкен мүмкіндігін ерекше атап өткім келеді. Сондай-ақ, аталмыш конференцияда өзім танысқан аса құрметті ғалымдармен ынтымақтастықты ары қарай жалғастырғым келеді. Әрине, Сіздің осы жөніндегі ойыңыз бен кеңестеріңізді күтемін», - дейді өз жолдауында Раму Дамодарана.

БҰҰ-ның Қоғамдық ақпарат департаментінің қолдауымен «Академиялық ықпал» бағдарламасы аясында ұйымдастырылған «XXI ғасырдағы қақтығыстар сипатының өзгеруі» атты халықаралық конференция ҚазҰУ-да ағымдағы жылдың 17-18 қазан аралығында өтті.

ҚазҰУ-дың Баспасөз қызметі