17-18 қарашада Беларусияның «Минск-Арена» мұзайдынында жасөспірімдер арасында коньки тебу спорт түрінен Әлем Кубогына жарыс өтті. Жарысқа 15 елдің ең үздік спортшылары қатысты.
Сол үздіктердің үздігі болып Қазақстандық 500 метрден 2 алтын медалін жеңіп алған спортшы, биология және биотехнология факультетінің 1 курс студенті Дарсил Эссамамбо болды. Бұл біздің жасөспіріміздің ең маңызды жетістігі.
Дене шынықтыру және спорт кафедрасы және Спорт клубы құттықтайды!