Жаңалықтар

Тұңғыш Президент күніне орай танымал тұлғалармен кездесу өтеді

28.11.2012

29 қараша күні, сағат 10:00-де әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің өзін-өзі басқару мектебінің көшбасшылары Тұңғыш Президент күніне орай, Қарасай аудандық Абай атындағы орта мектепте танымал тұлғалармен кездесу ұйымдастырып отыр.


Кездесу «Ел болашағы-жалынды жастар» атты тақырыпта өтеді. Негізгі мақсаты ұрпақтар арасындағы сабақтастықты жалғастыру.

Аталған кездесуге университеттің студенттік өзін-өзі басқару ұйымдарының көшбасшылары, оқу озаттары, өнерлі жастар мен көптеген олимпиаданың жеңімпаздары қатысады.

Кездесу аясында білім мен ғылымның ұйытқысы болған қазақтың қара шаңырағы ҚазҰУ көшбасшылары, ертеңгі студент атанатын белсенді оқушылар мен ұлағатты ұстаздар арасында кездесу, тренингтер, концерттік бағдарлама өткізу жоспарлануда.

Тәрбие жұмысы жөніндегі департаменті,

«Сұңқар» студенттер кәсіподағы