Жаңалықтар

ҚазҰУ студенттері Елбасының мектебінде...

29.11.2012

«Ел болашағы-жалынды жастар» мақсатында өткізген еліміздің «Тұңғыш Президенті» күніне орай Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ өзін-өзі басқару мектебінің көшбасшылары мен Тұңғыш Президентіміздің алғашқы Абай атындағы орта мектеп-гимназиясының ұстаздары және оқушыларымен кездесу өтті.

Айналасын нұрландыра түскен қазұулықтар мектеп оқушыларына өз бастамаларымен алып келген бағдарламаларын паш етті. ҚазҰУ студенті атанғысы келген оқушылардың көп екенін байқалды. Абай атындағы орта мектеп-гимназия директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Д.Б. Саусақбаев қазақтың ұйытқысы болған қара шаңырақ басшылығына зор алғысын білдіріп, Елбасы туралы кітапты сыйға тапсырды. Мектептің үкілі үмітін арқалаған алтын белгі үміткерлеріне ҚазҰУ-дың төс белгілері табыс етілді және Халықаралық қатынастар факультетінің 1 курс студенті Нұрсұлтан Орынбеков Елбасына арнауын орындады. Сонымен қатар, университет ректоры атынан мектеп оқушыларына үлкен көлемді теледидар сыйға берілді. ҚазҰУ атынан қара шаңырақтың адамды кемелдендіретін жобаларының бірі «Айналаңды нұрландыр» жобасы туралы айтылып, «Нұрландыр айналаңды» әні шырқалды. ҚазҰУ студенті атанғысы келетін 4-сынып оқушысы А.Б. Назарбаевада қонақтарға арнап әнін тарту етті. «Сұңқар» студенттер кәсіподағының төрайымы А.М. Қарақожаева «Елбасы бүгінде мектептің ғана мақтанышы болып қоймай, үлгі тұтар еліміздің мақтаншы» екенін атап өтті.

Тәрбие ісі жөніндегі департамент

«Сұңқар» студенттер кәсіподағы