Жаңалықтар

Ғылыми зерттеулер жүргізуге гранттық қаржыландыруға арналған байқау жарияланды

30.11.2012

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Ғылым комитеті 2013-2015 жылдарға ғылыми зерттеулерді гранттық қаржыландыруға байқау өткізіледі.
Өтініштерге қойылатын талаптар ҚР БҒМ Ғылым комитетінің www.scedu.kzсайтында орналасқан конкурстық құжаттамада көрсетілген. Өтініштер 2012 жылғы 29 желтоқсан 18-00 сағатға дейін 010000 Астана қаласы, Иманов көшесі, 13, 710 каб. мекен-жайында қабылданады.
Конкурстық құжаттаманы түсіндіру және өтініштер даярлау бойынша сұрақтарға жауапты Ұлтық мемлекеттік ғылыми-техникалық сараптама орталығы байланыс телефондары арқылы алуға болады: +7 (7172) 57-91-49, 57-91-53.


Байқау келесі бағыттар бойынша өтеді:

1.Энергетика

  • Жылу- және электрэнергетикасы (Қазақстанның қолданыстағы жылу электрстанцияларының тиімділігін арттыру;
  • Ядролық және сутек энергетикасы;
  • Жаңартылмалы энергетика көздері (жел- және гидроэнергетика, биоотын және фотоэлектр);
  • Қоршаған ортаға энергетикалық сектордың әсері.

2.Шикізат және өнімді терең қайта өңдеу

  • Пайдалы қазбаларды әзірлеу технологиясы;
  • Табиғи және техногендік шикізатты қайта өңдеу технологиясы;
  • Жаңа материалдар алу технологиясы;
  • Өнімді қайта өңдеу технологиясы.

3.Ақпараттық және телекомминикациялық технологиялар

  • Ақпараттық технологиялар;
  • Бағдарламалық-техникалық кешендер мен жүйелер;
  • Интеллектуалдық жүйелер мен технологиялар;
  • Геоақпараттық жүйелер мен технологиялар;
  • Телекоммуникациялық жүйелер мен технологиялар.

4.Өмір туралы ғылым

  • Заманауи биомедицинаның ғылыми негіздері;
  • Тірі жүйелердің молекулярлық, биохимиялық және жасуша негіздері;
  • Ауыл шаруашылығына және медицинаға арналған жаңа биотехнологиялар;
  • Жаңа биопрепараттар.

5. Елдің интелектуалдық әлеуеті

  • Жаратылыстану ғылымдары саласындағы іргелі зерттеулер;
  • Қоғамдық-саяси және экономикалық ғылымдар саласындағы іргелі зерттеулер;
  • Гуманитарлық ғылымдар саласындағы іргелі зерттеулер.