Жаңалықтар

«Open Faculty» жобасы тыңдармандарының назарына

05.12.2012

8 желтоқсан сағат 11.00-де ҚР Президентінің "Болашақ" халықаралық стипендиясы ассоциациясының қолдауымен биология биотехнология факультетінің (Бас оқу ғимараты 6, 4-ші блок), үлкен акт залында «Open Faculty» жобасының тыңдармандарына лекция өтеді.

Дәрістің тақырыбы: Enactus халықаралық бағдарламасы. Дәріс берушілер Enactus ҚазҰУ Қазақстан командасының капитаны Жұмағали Сұлтан, Home credit банкінің өкілі - Әлия Ешланова, Жалпы жарнамалық-ақпаратты презентациямен «Бизнес-курьер» ақпараттық-жарнамалық апталық газеттінен Кәсіби бейімделу және жұмысқа орналастыру орталығының спикері Ғалия Селеуова.

Сұрақтар бойынша Мансап және бизнес орталығы Кәріпбаева Лариса Төлеуғазықызы тел: +7727377 33 73. Алматы қаласы бойынша "Болашақ" халықаралық стипендиясы ассоциациясының директоры Ермекбаев С.К. 356-07-55 үйлестіруші Шаяхмет Дана тел: 356 07 56

Мансап және бизнес орталығы