Жаңалықтар

«Ең үздік шығарма» байқауының жеңімпаздары анықталды

05.12.2012

26 қарашада 2012 жылы Қазақ КСР-і Абай атындағы Мемлекеттік сыйлығының, А.А.Фадеев атындағы Бүкілодақтық сыйлықтың лауреаты, 2-дәрежелі Отан соғысы, "Құрмет белгісі", "Халықтар достығы", 3-дәрежелі "Даңқ" ордендері мен "Ерен еңбегі үшін" медалінің иегері, Ұлы Отан соғысының ардагері, Қазақстанның халық жазушысы Әзілхан Нұршайықовтың 90 жылдық мерейтойына орай әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың ЖОО дейінгі білім беру факультеті шетелдіктердің тілдік және жалпы білім беру дайындығы кафедрасы мен филология, әдебиеттану және әлем тілдері факультетінің қазақ филологиясы кафедрасы жазушының шығармашылығы бойынша студенттер арасында ең үздік шығармаға байқауының қорытындысы жарияланды.


Өткізілген шығарма байқауының қорытындысы: І орын – Тілегенов Асылан (филология факультеті, үздік эссе үшін), І орын – Қуанәлі Алмасбекұлы (журналистика факультеті, үздік сын үшін), ІІ орын – Пулатова Замира (журналистика факультеті, үздік эссе үшін), ІІ орын – Сансызбаев Өмірбек (филология факультеті, үздік эссе үшін), ІІІ орын – Реметов Мейіржан (журналистика факультеті, үздік сын үшін), ІІІ орын – Сағынғалиев Даурен (заң факультеті, үздік эссе үшін), Болатов Алмас, ҚазҰУ бейімдік мектебінің 11 сынып оқушысы, мектеп оқушыларының арасынан ең үздік шығарма номинациясын иеленді.

Құттықтаймыз!