Жаңалықтар

Тұңғыш Президент күніне арнап дөңгелек үстел өткізді

05.12.2012

Философия және саясаттану факультеті, дінтану және мәдениеттану кафедрасы «Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің» күніне арнап 2012 жыл қарашаның 30 жұлдызында «Елбасы және тәуелсіздік» атты дөңгелек үстелін өткізді.


Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің өмірі мен қызметі, қазақтың жас қарапайым жігіті металлург саласынан бастап, бүгінгі таңға дейінгі мемлекетті басқарып отырған лауазымына дейінгі кезеңдерді қамту қажеттігі толықтай қамтылды. Әлемдік тұлға архитектор, Қазақстан Республикасы Президентінің Тәуелсіз Қазақстанды қалыптастырудағы, сонымен бірге Қазақстан жолын салудағы мемлекеттің ішкі және сыртқы саясатын қалыптастырудағы ерен еңбегі атап көрсетілді.

Сол шаралардың ұшқыны біздің білім ордамыз ҚазҰУ-да көрінісін тапты. Дөңгелек үстелге философия және саясаттану факультетінің деканы, декан орынбасары, дінтану және мәдениеттану кафедрасының оқытушылар мен профессорлар құрамы, студенттер қатысып, өздерінің пікірлерін білдірді.

Дінтану және мәдениеттану кафедрасы

Философия және саясаттану факультеті