- Негізгі бет
- Жаңалықтар
М. Құл-Мұхаммед Елбасы Жолдауын Еліміздің жетекші ұлттық университетінде түсіндірді
04.05.2009Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрі Мұхтар Құл-Мұхаммед Елбасы Жолдауының негізгі ережелерін түсіндіру мақсатымен әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің студенттері және оқытушылармен кездесті.
Министр өз алғысөзінде ҚазҰУ ұжымына сәлемін жолдап, биыл 75 жылдық мерейтойын өткізіп отырған туған университетке деген жылы лебізін білдірді. Министрдің айтуынша, ол университет қабырғасында ұлттық мәдениет өкілдері Мұхтар Әуезов, Өмірбек Жолдасбеков, Зейнолла Қабдолов, Яхия Әубәкіров және т.б. ұстаздарының жаңғырығын қайта сезінгендей болды.
Университет ұжымы алдында Мұхтар Құл-Мұхаммед Елбасы үндеуіндегі ерекшеліктерге аса назар аударды. Ол ғалым ретінде Елбасы Жолдауын ғылыми қоғамдастыққа етене жақын тарихи кесінді аясында саралады. Ол әлем тарихында 1790 ж. тұңғыш жолдау жасаған АҚШ президенті Дж. Вшингтон екенін еске салды. Міне, сол уақыттан бастап, мемлекет басшысының үндеуі ел дамуындағы негізгі экономикалық және саяси құжат ретіңде қабылдана бастады.
Одан кейін баяндаушы соңғы бес жыл ішіндегі Жолдауларда айтылған Елбасы идеяларының эволюциясына шолу жасады. 2005 жылғы Жолдауда Қазақстанның жылдамдатылған саяси, экономикалық және әлеуметтік жаңаруының басты бағыты айқындалған еді. 2006 жылдың Жолдауында Қазақстанның әлемнің үздік елу ел қатарына ену стратегиясы мен ұлттық идеяның негізгі бағыттары айқындалған. Елбасының келесі Жолдауында қас-қағымда өзгеріп жатқан жаңа әлемдегі Қазақстанның орнын анықтау мақсаты қойылған болатын. 2008 жылғы бағдарламалық құжаттың негізгі мазмұны Елбасының жақындап келе жатқан жаһандық мәселелерді болжап отырғаны мен Қазақстан азаматтарын әлеуметтік қорғау, әл-ауқатын өсіруге саяды.
Осының барлығын қорытындылай отырып, Мұхтар Құл-Мұхаммед қойылған мақсатқа жетуде жолдаулардың құрылуындағы логикалық ағым мен бірізділікті атап өтті. Бұрынғыдай, негізгі стратегиялық мақсат әлемнің бәсекеге қабілетті елу ел қатарына кіру болып табылады. Оның аясында қалған тактикалық міндеттер орындалады.
Академиялық қауымдастық алдында Елбасы Жолдауының мән-жайын түсіндіре отырып, М. Құл-Мұхаммед Президент дағдарыс жағдайында экономикалық дамудың қарқынын төмендетпей, дамудың көп жылдық стратегиялық міндеттерін тапжылмай орындап, әрі қарай жылжуды көздеп отырғанын ескертті. Осылай болады да деген үміт ұялайды. Ол үшін рухани жетістіктерімізді - ұлттық мәдениет, барлық ұлттар арасындағы бірлік пен ынтымақ, қазақстандықтардың жасампаз дәстүрлерін сақтауымыз қажет. Бұл - әрі қарай дамуымыздың міндетті шарты.
Баяндамадан кейін Мәдениет және ақпарат министрі жиналған аудиторияның сауалдарына жауап берді. Ғалымдар бірінші кезекте қазақстандық мәдениеттің даму бағыттарына көңіл бөлді. Сауалдардың көбі Қазақстан тарихының мәселелері төңірегінде, атап айтқанда «Мәдени мұра» бағдарламасының жүзеге асуы жөнінде қойылды. М. Құл-Мұхаммед университет ғалымдары көтерген мәселелер мен сұрақтарға зейін салып, ең көкейкестілерін шешу мақсатында нақты тапсырмалар берді.
ҚазҰУ ректоры Бақытжан Жұмағұлов М. Құл-Мұхаммедке қарашаңырағымызға осы саланың жетекшісі және университет мақтан тұтатын үздік түлегі ретінде білдіріп отырған ілтипатына алғыс білдірді.
ҚазҰУ-дың Баспасөз қызметі