8 ақпан сағат 17.00-де әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті Жоғары оқу орнына дейінгі білім беру факультетінде «Мен өмірді жырлау үшін келгенмін» атты дәстүрлі жыр кеші (316 дәрісхана) және С.Әшімбаев атындағы жас әдебиетшілер клубының маусымдық ашылуы өтеді.
Жыр кешінде Ауғанстан Ислам Республикасынан келген тыңдаушылар арасында, қазақ диаспорасы өкілдері арасында ақын өлеңдерін мәнерлеп оқудан жарыс, викториналық сұрақтар, Мұқағалиға арналған жас ақындар жырлары, клубтың жылдық жоспарымен таныстырады. Кешке ЖОО-ға дейінгі білім беру факультетінің деканы – Т.О. Молдаханов, ЖОО-ға дейінгі дайындық кафедрасының меңгерушісі – Қ.А.Аққошқарова, Халықаралық білім беру департаментінің директоры – Ж.Т. Молдағалиева, Халықаралық «Жанашыр» қорының Президенті – Ж.Әпетова қатысады деп күтілуде.
Жоғары оқу орнына дейінгі білім беру факультеті