Жаңалықтар

Хабарландыру!

12.02.2013

13 ақпан күні 1, 2 курс студенттері арасында «Тәні саудың – жаны сау» атты факультеттік деңгейде эстафеталық жарыс өтеді. Жарысты дене шынықтыру және спорт кафедрасы мен дінтану және мәдениеттану кафедрасындағы «Мәдениет.kz» клубы және мәдениеттану мамандығының магистранттары ұйымдастырып отыр. Сайыстың негізгі шарттары: әр мамандықтан 1 топ, құрамында 4 адам болуы тиіс. Әр топтың аты және ұраны болу керек. 1-тур: «Түскі ас» атты эстафеталық жарыс.

2- тур: «Жасыл желек» атты жарыс. 3-тур: «Қызықты эстафета» спорттық жарысы.

4 –тур «Кеңгіру» атты жүгірістен жарыс. Бұл сайыстың негізгі мақсаты: «Тәні саудың – жаны сау» қазіргі қоғамдағы жастарымыз өз денсаулықтарын күтуде спортпен қалай айналысандарын осы эстафеталық жарыста байқаймыз.

Жеңімпаздар бағалы сыйлықтармен марапатталады.

Көрермендерге есігіміз ашық.

Өтетін орны: Спорт кешені, 2 зал.

Уақыты: сағат 16:00.