Жаңалықтар

Қазақстандағы Үндістан Республикасының төтенше және өкілетті елшісі Ашок Санджанхар мырзамен кездесу

14.05.2009

12 мамыр күні шығыстану факультетінде Қазақстандағы Үндістан Республикасының төтенше және өкілетті елшісі Ашок Санджанхар мырзамен кездесу өтті.

Елші студенттер мен факультет ұжымына «Қазіргі әлемдегі Үндістан» деген тақырыпта дәріс оқыды. Үндістанның қазіргі дамуы, шет мемлекеттермен қарым-қатынастары мен экономикасы туралы тың ақпараттар берді. Факультет студенттері мен оқытушылары ағылшын тілінде сұрақтар қойылып, тыңдаушыларды қызықтыра түсті. Үндістаннан тілдік стажировкадан оралған студенттер Ахметбекова Гүлнұр мен Алипбаева Бота хинди тілінде сөйлеген сөздерінде тегін білім степендиясын ұсынған Үндістан өкіметіне өз ризашылықтарын білдірді.