18-23 ақпан аралығында шығыстану факультетінде корейтану және жапонтану кафедрасының апталығы аталып өтті. Бұл іс-шараның мақсаты студенттерді корей және жапон тілін оқуға ынталандырып, кафедраның іс-шараларына белсенді түрде қатыстыру болып табылды.
Корея және Жапония студенттер үшін күн сайын әр қырынан танылуда. Кафедра апталығының Корей Республикасының бас консулымен кездесу өтті. Корей бөлімі студенттері «Біз Корея жөнінде не білеміз» атты сұрақ жауап интелектуалды ойын сайысына түсті. Жапон бөлімі студенттері арасында «Жұмбаққа толы Жапония» тақырыбында сұрақ жауап интелектуалды ойын сайысы, Жапон, Корей елдерінің ертегілер әлеміне еніп, студенттердің дайындаған қойылымдарын тамашалады. Апталықтың соңғы күні екі елдің мәдениетін көрсететін «JK Fest» өткізіліп, осы іс-шара арқылы студенттер өздері оқитын елдердің мәдениеті, әдет-ғұрпы мен тарихы, сондай-ақ Қазақстан мен Корей, Жапония қатынастары туралы жаңа мағлұматтарға қанық болды.Осы күнгі ең бір жағымды сәт- студенттердің өз қолдарымен әзірлеген суши, кимпап,токпокки Жапон, Корей елдерінің ұлттық тағамдарынан дәм тату болды. Осы апта корейтану және жапонтану кафедрасы аясындағы ең бір қызыққа толы көңілді апталық болды.
Корейтану және жапонтану кафедрасы