- Негізгі бет
- Жаңалықтар
ҚазҰУ география факультетінің экономикалық және әлеуметтік кафедрасына 60 жыл!
25.05.20097-8 мамыр аралығында әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің 75-жылдық мерейтойы мен география факультетінің экономикалық және әлеуметтік кафедрасына 60 жыл толуына байланысты «Қазіргі экономикалық, қоғамдық және саяси география: проблемалары мен перспективалары» атты Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясы өткен болатын.
Конференцияға ТМД, алыс және жақын шет елдердің, Қазақстан Республикасының ғылыми-зерттеу институттары мен 15 университеттің ғалымдары қатысты. Шетелдік ғалымдардың қатарында профессор И.А. Родионова (РҒҒҮ, Мәскеу қ., Ресей), аға-оқытушы С.А. Елагин (РҒҒҮ, Мәскеу қ., Ресей), профессор А.С. Салиев (Ұлықбек атындағы ӨҰУ, Ташкент қ., Өзбекстан), доцент Л.В. Хышектуева (Бурят мемлекеттік университеті, Ұлан-Удэ қ,. Бурятия), Э.А. Әбдіразақов (Ош тенология университеті, Ош қ., Қырғызстан), PhD докторанты Шон Джакович (Йель университеті, АҚШ) және т.б. болды.
Пленарлық мәжілістің ашылу салтанатын ҚазҰУ-дың оқу-әдістемелік бірлестік жөніндегі проректоры Гүлнас Ахметова жүргізді. Ол талай жылдар бойы еңбек етіп келе жатқан экономикалық және әлеуметтік география кафедрасының жетістіктерін айта келе, білім және ғылым саласында, білікті мамандар дайындауда алатын қомақты орнына тоқталды.
Конференция қатысушылары жаһандану үдерісі мен қазіргі әлемдік қаржы дағдарысында ҚР экономикалық географияның маңыздылығын талқылады. Ол жөнінде георгафия факультетінің деканы Ш.М. Надыров баяндама жасады. Профессор И.А. Родионова (РҒҒҮ, Мәскеу қ., Ресей) өз сөзінде дүние жүзі мемелекеттерінің дамуы мен жаңа елтану саласында туындайтын өзекті проблемаларды айтты. Жиында қарастырылған мәселелер: ресурстық жинақ пен экология, ҚР туризм саласындағы ғылыми зерттеу жұмыстары, әлемнің электоральды география, экономикалық, әлеуметтік және саяси географиядағы арнайы технологиялар, заманауи экономикалық және әлеуметтік географиядағы геодемография және геоэкономика.
Экономикалық және әлеуметтік география кафедрасының меңгерушісі Гүлнар Нүсіпова кафедраның 60 жылдық мерейтойына арналған оқытушы-ғалымдар құрамы мен танымалы түлектері, сондай-ақ кафедраның еңбек жолы жөнінде баяндама жасады. Бүгін кафедра заманауи талаптарға жауап беретін Интранет жүйесі мен білім беру саласындағы несиелік жүйесін толық меңгерген. Университет басшылығының демеушілігімен кафедраның компьютер класы арнайы қосымша модульдері бар лицензиялық бағдарламалармен қамтамасыздандырылған.
Биылғы оқу жылында кафедра 050609-география, 6N0609-география мамандықтары бойынша ASIIN неміс аккредитациялау ұйымының өткізетін негізгі сатыларынан өтті. Қазір білім беру жүйесінде мемлекет тапсырысымен жаңа оқу жобалары мен элективті тәртіп жүйелері жүзеге асрылып жатыр. Сондықтан кафедраның бар күші халықаралық стандарттарға жауап беруге бағытталған.
ҚазҰУ-дың Баспасөз қызметі