Жаңалықтар

Әлем халықтары мәдениетінің алуан түрлілігі

29.05.2009

20 мамырда әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің халықаралық қатынастар факультетінде Халықаралық ынтымақтастық форумы аясында университеттің 75 жылдық мерейтойына арналған «Әлем халықтары мәдениетінің алуан түрлілігі» және «Әлем халықтарының ас мәзірі» атты көрмесі өтті.

Аталмыш шараны факультет басшылығы студенттердің тапсырысымен ұйымдастырған болатын. Шараның бетке ұстар тұсы - әр ұлттың дәстүрлі киімдерін киіп, ұлттық тағамдарын дайындаған студенттер қауымының құлшынысы байқалды. Көрме Қазақстан Республикасының АҚШ, Венгрия, Үндістан, Біріккен Араб Әмірлігі, Германия, Ұлыбритания, Испания, Бразилия, Чили, Куба жәте т.б. мемлекеттерімен саяси, экономикалық, мәдени саладағы орнатқан қарым-қатынастарына арналды.

Ұйымдастырушылар әр түрлі халықтардың мәдениетімен таныстыра келе, мерекелік концертті тамашалап, әлем халықтарының ас мәзірінен дәм татуға шақырды.

- Аталмыш шараның аудиторияда өтетін сабақтардан гөрі әлдеқайда пайдасы көп. ҚазҰУ талай жылдардан бері халықаралық қатынастар орнатуда көшбасшылық қасиетін байқатып келеді, ал ұйымдастырып отырған шарамыз соның бір көрінісі, - деді өз сөзінде халықаралық қатынастар факультетінің деканы Құралай Байзақова.

ҚазҰУ-дың Баспасөз қызметі