9 мамырда әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті Ұлы Отан соғысының ардагерлерін Жеңіс күнінің 64 жылдық мерейтойымен құттықтады.
№17 Студенттер үйінің алдында құрылған сахналанған көрініске физика, химия, филология, философия және саясаттану, экономика және бизнес, заң, дайындық факультеттерінің студенттері қатысты.
Мереке аясында жиналға қауым студенттердің орындауында шағын музыкалық көріністер мен сахналанған қойылымдарды тамашалады. Соғыс өмірінен келтірілген үзінділер тарихта болған шынайы оқиғаларды пайымдады. Көрініс студенттердің орындауындағы патриоттық әндерімен аяқталды.
Мерекеге халық көптеп жиналды. Жеңіс күнінде ардагерлерді қолдау мақсатында университеттің оқытушылары мен студенттері бас қосқан болатын.
ҚазҰУ-дың Баспасөз қызметі