Жаңалықтар

Жаһандану жағдайындағы Қазақстанның жоғары білім беруі

19.06.2009

2009 жылы 12 маусымда Қазақтанның ірі оқу-әдістемелік орталығы - әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі Республикалық оқу-әдістемелік кеңесінің гуманитарлық және жаратылыстану ғылымдар секциясының кезекті мәжілісі өтті. Мәжіліске 17 проректорлар мен Қазақстанның жетекші мемлекеттік жоғары оқу орындарының өкілдері қатысты.

Мәжіліс тақырыбы: «Болон үдерісіне қатысушы -шетелдердің жоғары оқу орындарындағы білім беру бағдарламалары: Қазақстандағы бірегейлендіру мәселелері мен оның ерекшеліктері». Мәжіліске қатысушылар тәжірибелі қазақстандық мамандардың ойларын тыңдап қана қоймай, сонымен қатар, Лунд университететінің профессоры Галаев Игорь (Швеция) және Стивенс университетінің профессоры Брайд Вашингтон (АҚШ) қатысқандықтан, шетел университтеріндегі білім беруді ұйымдастыру, білім беру бағдарламаларының құрылымы мен мазмұнының ерекшеліктерімен танысты.

Осы республикалық форумға қатысқандар өкілдерден Болон декларациясына қол қою мүмкіндегі мен әлемдік білім беру кеңестігіне өту қазақстандық ЖОО-ның білім беру сапасын студенттер, оқытушылар мен басқару тұлғаларының жеделділігі арқылы көтеру, Еуропалық ЖОО ынтымақтастық пен байланыс орнатып, білім беру бағдарламаларын бірлесе отырып жүзеге асыру керек екендігін атап өтті. Түлектердің еңбек нарығындағы сұраныстары мен бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз ететін жоғары кәсібилігі пен құзіреттілігі сапалы мамандарды дайындаудың негізгі шарты болып табылуы тиіс.

Бұл міндетті шешу үшін әлемдегі ең үздік университеттердің бағдарламаларын салыстыра отырып, жаңа деңгейлі сапалы мамандарды дайындайтын білім беру бағдарламаларын жасау болып табылады. Қазақстан және жетекші шетел ЖОО-ның білім беру бағдарламаларына салыстырмалы түйін жасап, олардың құрылымы, мазмұны мен артықшылықтарын, Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық болмысына осы тәжірибені бейімдеп, қазақстанның жоғары білім беруінде бәсекеге қабілеттілікті арттыруда жоғары нәтижеге қол жеткізуге болады. Сонымен қатыр, біз өз отанына берілген, азаматтық борышы мен жауапкершілікті жоғары сезінетін, тәуелсіз Қазақстанның ғылымына, экономикасы мен мәдениетінің дамуына қомақты үлес қосатын мамандарды тәрбиелеуге байланысты ұлттық компонентті жетілдіру мен дамыту қажет.

Баяндамашылар төмендегі ұсыныстарды енгізді:

  1. РОӘК секциясына мүше-ЖОО қалыптасқан білім беру бағдарламаларының біркелкілігі мен бірлескен әзірлемелердің тәжірибесі жандандырылсын.
  2. Жоғары оқу орындарына оқу бағдарламаларын даярлаудағы элективті курс каталогіне шетелдердің ЖОО ұсынатын бағдарламаларындағы біршама маңызды пәндерді қосу ұсынылсын.
  3. «Колледж-ЖОО» білім беру бағдарламаларының оқу жүктемесі (колледждердегі оқытудың кредиттік жүйесін жетілдіру) ауқымын екшелеудегі бөлік және мазмұндық бөлік ретіндегі сабақтастығы қамтамасыз етілсін.
  4. Білім беру бағдарламаларын әзірлеуде қоғамның әлеуметтік тапсырысы және білім беру қызмет көрсетуінің негізгі тұтынушылары Қазақстандағы еңбек нарығының сұранысы негізге алынсын.
  5. «Жоғары білім. Негізгі ережелер» Болон үдерісінің талаптарын ескере қайта жасалынып, ҚР БжҒМ қайта қаралуға ұсыныс жіберілсін

Сонымен қатар, Қазақстанның жиырма жеті жоғары оқу орындарынан келіп түскен оқытушылардың 102 оқулықтары мен оқу құралдарын ҚР БжҒМ мен РОӘК секциясының грифін тағайындау және жоғары оқу орындарында пайдалану үшін ұсыныс қабылдау мәселесі қаралды.

Көптеген баяндамашылар оқытудың жаңа формалары мен әдістерін, инновациялық педагогикалық тәжірибелерді тарату және кеңейтудегі әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың ерекше орнын атап өтті. Оқу әдістемелік комиссиялар мен ішкі секциялардағы потенциалы жоғары мамандардың арқасында университетте жаратылыстану және гуманитарлық мамандықтар бойынша еліміздегі жоғары оқу орындарының білім беру бағдарламаларын табысты жүзеге асыра алатын ғылыми- және оқу-әдістемелік база құрылды.