Жаңалықтар

Алматы, 2009 ж. 12 маусым

24.06.2009

Халықаралық Қазақ-Орыс университетінің Ғылыми кеңесінің шешімі бойынша әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің ректоры, профессор Бақытжан Жұмағұлов «Алтын қанат» құрмет белгісімен марапатталды.

Құрмет белгісі 1998 жылдан бастап университет Сенатының шешімімен білім беру саласында айтарлықтай еңбегі сіңген белгілі саясаткерлер мен ғалымдарға, шығармашылық зиялы қауымның өкілдеріне беріледі.

Халықаралық Қазақ-Орыс университетінің президенті, профессор Б.Т. Бердімұратовтың атынан арнайы құттықтау хат келіп түскен болатын. Хатта көрсетілгендей, академик Б. Жұмағұлов «Алтын қанат» Құрмет белгісінің екінші иегері екен. Ол тәуелсіз мәдениеттің қалыптасуы мен дамуына, реформаларды жүзеге асыруда, Қазақстан экономикасын өзгерту және тұрақтандыру, сондай-ақ жаңа ұрпақтың азаматтық және саяси ағарту жұмысына қосқан зор үлесі үшін марапатталды.

Қазақ ұлттық университетінің мерейтойлық жылында университет білім және ғылым саласын дамытуда, бәсекеге қабілетті білікті мамандарды дайындауда, Қазақстанның азаматтық қоғамын, саяси және іскерлік элитасын қалыптастыруда жоғары мәртебеге ие болды.

әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың Баспасөз қызметі
377 35 20