Жаңалықтар

Түркі тілдес елдердің Бүкіләлемдік математикалық қоғамының ІІІ Конгресіне дайындық жұмыстары жүріп жатыр

24.06.2009

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің ректоры, ҚР ҰҒА академигі Бақытжан Жұмағұловтың төрағалығымен түркі тілдес елдердің Бүкіләлемдік математикалық қоғамының ІІІ Конгресін ұйымдастыру комитетінің кезекті отырысы өтті.

Мәжілісте конгресс бағдарламасы бекітілді. Биыл конгреске Түркия, Қазақстан, Әзербайжан, Қырғызстан, Өзбекстан, Ресей, АҚШ және т.б. елдердің жетекші ғылыми-зерттеу институттарының 600-ден астам ғалымдары баяндама жасайтын болады.

Университет қабырғасында Конгресті өткізу түркі тілдес елдердің Бүкіләлемдік математикалық қоғамының ынталандыруымен жүзеге асырылмақшы. Бұл ұсыныс былтыр Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевқа жасалған еді. Оған Қазақстан математиктерінің халықаралық аренада жоғары мәртебеге ие екендігі, соның ішінде әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың белгілі ғылыми математика мектептері дәлел. Осы жерде әлем жұртшылығы жоғары бағалаған математика және ақпараттық технологиялар саласының жетекші қазақстандық ғалымдары шоғырланған.

Конгрестің мақсаты - мемлекетаралық ғалымдардың байланысын дамыту, ғылыми зерттеулердегі математика саласының жетістіктері мен дамуы, ақпараттық технологияларды пайдалану, сондай-ақ халықаралық және түркі тілдес елдердің ғалымдарымен қарым-қатынастарды нығайту мәселелері талқыланады.

Сонымен қатар Конгресс жұмысының аясында Елбасының тапсырысымен отандық ғалымдардың Қазақстанға қайта оралуын, дүниежүзіне танымалы ғалымдарды республиканың ғылыми-техникалық салаға қатыстыру және Қазақстанның халықаралық имиджін көтеру мәселелері қарастырылады.

Түркі тілдес елдердің математикалық қоғамы 1999 жылы құрылып, Түркия, Қазақстан, Әзербайжан, Қырғызстан, Өзбекстан, Иран, Түркіменстан, Ресей, АҚШ және Еуроодақ мемлекеттерінің математиктерін біріктіреді. Түркі әлемі математиктерінің алғашқы Конгресі 1999 жылы Элазыг қаласындағы (Түркия) Fairat университетінде, екінші жиыны 2007 жылы Sakarya университетінде (Түркия) өткен еді.

Түркі тілдес елдердің Бүкіләлемдік математикалық қоғамының ІІІ Конгресі 2009 жылдың 1 шілдесінде сағ. 10.00-де «Hotel Kazakhstan» қонақ үйінде өтеді.

әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың Баспасөз қызметі
(727) 377 35 20