Жаңалықтар

Республикалық оқу-әдістемелік кеңесі оқу бағдарламасын жетілдіру мәселелерін талқылады және жаңа оқулықтарды ұсынды

24.06.2009

12 маусымда республика бойынша ең ірі әдістемелік орталығы саналатын әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде ҚР Білім және Ғылым министрлігінің Республикалық оқу-әдістемелік кеңесінің гуманитарлық және жаратылыстану ғылымдары секциясының кезекті мәжілісі өтті. Қазақстанның 20 жетекші ЖОО-ның проректорлары қатысқан мәжілісте қазақстандық білім беру жүйесі мен Қазақстанның Болон үдерісіне қосылуы қарсаңында отандық және еуропалық ЖОО-дағы оқу бағдарламаларын салыстыру мәселелері талқыланды.

Білім беру сапасын жетілдіру үшін шетелдік оқу бағдарламаларын талдап, зерттеп және Болон үдерісіне іліккен елдерде кеңінен таралған жаңару курстарын жүргізу басты мақсат болып табылады.

РОӘК-те баяндаманы әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың проректоры, профессор Г.К. Ахметова, Швецияның Лунд университетінің профессоры И. Галаев, Стивенс университетінің (АҚШ) профессоры Брайд Вашингтон, Жетісу мемлекеттік университетінің бірінші проректоры Ф.Н. Жақыпова, Тұран Университетінің проректоры А.Ә. Арупов және т.б. оқыды.

ЖОО-ның бас әдістемелік алаңы саналатын Қазақ ұлттық университетінде оқу бағдарламасын жетілдірудің жаңа ұсыныстары жасалды. Мәселен, оқу бағдарламасының кәсіби құрамын күшейту мақсатында мектеп бағдарламасына жалпы оқу тәртібін ауыстыру жұмыстары талқыланды. Сондай-ақ оқу бағдарламасының сабақтасытығын «колледж - бакалавриат - магистратура - PhD докторантурасы» бойынша талдау жасалды. Әкімжан Аруповтың мәлімдеуінше «Қазақстан тарихы» пәнінің бағдары бірнеше жыл бойы мектепте зерттеліп келеді, соның кейбір сұрақтары бакалавр бағдарламасында да кездеседі. Ал Швецияның профессоры Игорь Галаев болса шет тілінің ішінде ағылшынды меңгеруге ерекше мән қою керек, өйткені ТМД елдерінің студенттері шет тілдерін жетік білмегендіктен, оқу үдерісін қиындататындығын айтты. Студенттердің мобильділігі осы мәселені шешуді талап етеді.

ЖОО проректорлары егеменді Қазақстанның ғылымына, экономикасы мен мәдениетінің дамуына қосар үлесі ретінде оқу бағдарламасының ұлттық құрамдас бөлігін мамандарды дайындау жұмысымен байланыстыра отырып дамыту әрі жетілдіру керектігін айтты.

Мәжіліс қонақтары оқулықтар мен оқу құралдарының жаңа әдістемесіне ерекше назар аударып, РОӘК секциясында бекітуге ұсынылған оқулықтар мен оқу құралдарының сараптамасына баға берді. РОӘК секциясының оқу-әдістемелік комиссиясының басқармасы қызметін атқарған ҚазҰУ факультеттерінің декандары ҚазҰУ сараптамасынан өткен оқулықтар мен оқу құралдарына талдау жасады. Бірнеше оқу құралдары білім беру стандарттарына жауап бермегендіктен ескерілмей қалса, 43 пән бойынша оқу бағдарламасының үлгілері бекітілген болатын.

ҚазҰУ-дың Баспасөз қызметі