Жаңалықтар

Академик Яхия Әубәкіровты еске алуға арналған салтанатты шара өтті

01.07.2009

12 маусымда әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде атақты экономист-ғалым және ардақты ұстаз ҚР ҰҒА академигі Я.Ә. Әубәкіровты еске алуға арналған «ҚазҰУ ғалымдарының экономикалық ғылымның дамуына қосқан үлесі» атты халықаралық ғылыми конференциясы өтті.

Жиында акад. К.Н Нәрібаев - Қазақстанда экономика ғылымының даму басымдықтары; Қазақстан-Неміс университетінің проф. Б. Лохман - экологиялық мәселелерді шешудегі ғылымның рөлі; Рысқұлов атындағы ҚазЭУ ректоры, проф. А.А. Әбішев - Қазақстан элитасының ең жарқын өкілі академик Я.Ә. Әубәкіров жөнінде; М. Ломоносов атындағы ММУ-дың кафедра меңгерушісі К.А. Хубиев - жаһандық дағдарыстағы экономикалық теорияның мәселелері және қағидалары; С. Демирель атындағы Қазақ-Түрік университетінің проф. О. Шахин - Қазақстандағы капитал айналымын басқару үдерісін зерттеу; э.ғ. д. Р.А. Алшанов - экономикалық теория мен қазіргі заман мәселелерінің әдістемелігі туралы; проф. М.С. Төлегенова - академик Я.Ә. Әубәкіровтың іргелі зерттеулерге экономикалық көзқарасы және т.б. тақырыптарда баяндамалар жасалды.

Сондай-ақ отырыста атақты ғалымды еске алуға арналған естелік кітаптардың тұсаукесер рәсімі өтті. Соның бірі - марқұмның үлкен қызы Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваторияның ректоры Жәния Әубәкірованың «Әке туралы ой. Естеліктер» кітабы болса, екінші кітапта Я. Ә. Әубәкіровтың экономика саласына қатысты барлық еңбектері жинақталған.

Жиын барысы университеттің экономика факультетінде Яхия Әубәкіров атындағы аудиторияның ашылуымен аяқталды.

Өмір-дерек. Я.Ә Әубәкіров 1925 ж. 18 тамызда Қарағанды облысы Шет ауданының Ақтөбе ауылында дүниеге келген. 1949 жылы А.М. Горький атындағы Омск мелекеттік университетін аяқтап, С.М. Киров атындағы ҚазМУ-дың (әл-Фараби атындағы ҚазҰУ) экономика факультетінің аспирантурасына оқуға түседі. Жеке тұлғалық қасиеттері мен шығармашлық қабілетін жоғары бағалаған КСРО-ның Білім және ғылым министрлігі Яхия Әубәкіровты 1972 жылы С.М. Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетінің бірінші проректоры етіп тағайындады. 1973-2001 жылдар аралығында Яхия Әубәкірұлы ҚазҰУ-дың саяси экономика кафедрасын басқарған.

Я.Ә Әубәкіровтың ҚазМУ-ға (ҚазҰУ) қосқан үлесі зор. Ол мемлекетте бірінші болып ҚазМУ-да философиялық-экономика факультетін құрып, дамуына жол ашты.

ҚазҰУ-дың Баспасөз қызметі