2013 жылдың 15 қыркүйегінде «Қала күні» мерекесіне орай Алматы қаласының әкімі А. Есімовтың қатысуымен жалпықалалық велошеру өткізіледі.
Университет жастарының қозғалысы қала өміріндегі маңыздылығы мен белсенділігін ескере отырып, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ дене тәрбиесі және спорт кафедрасы және спортклубы университеттің барлық студенттерін, магистранттарын, докторанттарын, ОҚП және велоспорт әуесқойларын «Университет велошеруіне» қатысуға шақырады.
Қатысушылар жиыны: сағт 08:00.
Бастау: әл-Фараби даңғылымен Тәттімбет көшесінің қиылысы
Мәре: ҚР Бірінші Президенті паркі.
Дене тәрбиесі және спорта кафедрасы
және университет спортклубы