- Негізгі бет
- Жаңалықтар
Алматыда өтетін Қауіпсіздік пен бірлестік Форумының қарсаңында шетелдің 30 ғалымы бас қосты
10.07.200924 маусымда әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде АҚШ, Еуропа, сондай-ақ ТМД елдерінен 30-ға жуық шетел ғалымдарының қатысуымен «Ғылым бейбітшілік және қауіпсіздік үшін» атты НАТО Бағдарламасының Ақпараттық Күні өтті. Бұл шара 25-26 маусымда Астана қаласында өтетін Қауіпсіздік және бірлестік Форумның бастамасы ғана. Аталмыш шара Солтүстік Атланттық одақтың құрылғанына 60-жыл және «Ғылым бейбітшілік үшін» атты НАТО ғылыми Бағдарламасының құрылғанына 15-жыл толуына байланысты ұйымдастырылды.
Алыс аймақтан қонақтап келгендердің қатарында НАТО бас хатшысының көмекшісі Жан Франсе Буре (Mr. Jean Fransois Bureau), НАТО Ғылыми Бағдарламаларының директоры доктор Крис Де Виспелаере (Dr. Chris de Wispelaere), ҚР ІІМ, ҚР ЭМ және РМ өкілдері, Орта Азия елдерінен НАТО Жобасының ғылыми жетекшілері болды.
НАТО Бағдарламасының ғылыми Комитетіндегі Орта Азия елдерінің өкілдері «Ғылым бейбітшілік және қауіпсіздік үшін» Бағдарламасының аясында бірлескен көпжылдық жемісті еңбектерімен бөлісіп, жұмыстың жетістіктері мен пайдасын талқылады.
НАТО ғылыми Бағдарламасының Ақпарат Күнінде Жан Франсе Буре шетелдік және отандық журналистермен тілдесті.
«Ғылым бейбітшілік және қауіпсіздік үшін» НАТО Бағдарламасының қаржыландыруымен жарық көрген ғылыми зерттеу жинағына Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан, Тәжікстан және Түркіменстан жетекшілерінің баяндамасы кіреді. Бүгінгі таңда әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың ғалымдары «Ғылым бейбітшілік үшін» НАТО Бағдарламасының бірнеше Халықаралық жобасы бойынша зерттеу жұмыстарын жүргізіп келеді. Университеттің халықаралық қатынастар факультетінде НАТО-ның Ресурстық Ақпарат орталығы қызмет көрсетіп жатыр.
«Ғылым бейбітшілік және қауіпсіздік үшін» НАТО ғылыми Бағдарламасы қатыса алатын туралы шешімде ғылымның ең өзекті орталығы және аймақ мәселелерін талқылайтын және анықтайтын Орталық Азия елдерінің өкілдерінің дөңгелек үстелі болады.
ҚазҰУ-дың Баспасөз қызметі