Жаңалықтар

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ ғылыми-технологиялық паркі «Жастар Innotion» атты жас ғалымдардың инновациялық көрмесіне қатысты

04.11.2013

2013 жылдың 29 қазанында Алматы қаласының әкімі А.С. Есімовтың қатысуымен «Алатау» информациялық технология паркінде инновациялық көрме өтті. Бұл мерекелік іс-шарада қаланың ірі жоғары оқу орындары қатысты.


Олардың бірі әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, Халықаралық IT университеті, Қ.Сәтпаев атындағы ҚазҰТУ және т.б. ҚазҰУ атынан бизнес-инкубаторда жүзеге асырылып жатқан докторант С.А. Оразбаевтың «Интенсивтілігі жоғары энергия қуатын үнемдеуші элетрлік шам» жобасы ұсынылды. Ұсынылған жобаларға Алматы қаласы әкімі мен басқада басқару мекемелерінен инвестициялық қолдау болады.