15 қарашада әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың әскери кафедрасында (сағат 14:00, Төле би көшесі, 96. А. Байтұрсынұлы көшесінің қиылысы) Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрінің орынбасары Әбдірайым Бақытжан Жарылқасынұлының жетекшілігімен әскери кафедра жетекшілерінің қатысуымен оқу-әдістемелік жиын өткізіледі.
Жиынға әскери кафедралары бар ЖОО ректорлары, әскери кафедра басшылары қатысады.
Оқу-әдістемелік жиынның өткізілу мақсаты қазіргі заман жағдайындағы запастағы офицерлерді дайындаудың болашағының өзекті мәселелерін шешудегі негізгі бағыттарын анықтау, әскери кафедрадағы сабақтарды өткізуінің бірыңғай әдістемесін құрастыру, білім беру процесіне инновациялық әдіс жұмысын енгізу, ҚР ҚК жоғары білікті маманданған офицерлерін дайындау әдісі және жаңа түрінің ізденісін анықтау.
Жиын барысында оқу-материалдық базасы бар әскери кафедраның қатысушылары функционалдық міндеттерін орындаудың практикалық біліктіліктерінің дағдыларын жетілдіреді, әскери кафедраларда әскери тәртіпті және құқықтық тәртіпті сақтауды және оқу материалдық базасын оңтайландыру жолдарын анықтап, запастағы офицерлерді дайындау жұмыс тәжірибесімен алмастырады.
Әскери кафедра