Жаңалықтар

Студент төсбелгімен марапатталды

13.11.2013

7-9 қараша аралығында Алматы қаласында халықаралық құтқарушылар мен өрт сөндірушілер федерациясының XIV халықаралық конференциясы болып өтті.

Бұл конференцияға корейтану және жапонтану кафедрасының 3 курс студенті Бауыржан Даутов корей делегациясының, соның ішінде Корей спорт федерациясы президентінің, Қазақстан ТЖМ министрі В.К. Божконың жанындағы аудармашысы ретінде қатысты. Өзінің жақсы атқарған қызметі үшін Бауыржан Даутов Корей өрт сөндірушілер және құтқарушылар федерациясының арнайы төсбелгісімен марапатталды.

Корейтану және жапонтану кафедрасы