2014 жылдың 27 наурызында ERASMUS MUNDUS бағдарламасы аясында «Silkroute - SILKRoad Universities Towards Europe» атты жоба бойынша өтетін аймақтық конференциясы өтеді.
SILKROUTE жобасының негізгі мақсаты бакалавриат, магистратура және докторантура бағдарламалары, оқытушылар мен профессорлар, сонымен қатар әкімшілік қызметкерлерге арналған тағылымдамадан өту бағдарламалары бойынша Еуропа елдерінде білім алу болып табылады.
SILKROUTE жобасының еуропалық үйлестірушісі Италияның алдыңғы қатарлы университеттерінің бірі-Падуя университеті, жобаның Орталық Азия бойынша бірлескен үйлестірушісі - әл-Фараби атындағы ҚазҰУ.