Жаңалықтар

ҚазҰУ-да Ғашықтар субұрқағы ашылды

09.10.2009

19 қыркүйекте әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің алаңында университет бұрқағының ашылу салтанаты өтті.

Студенттер сарайының алдында орналасқан субұрқақтарды жастар өз арасында «ғашықтар бұрқағы» деп атаған. Жаңғырту жұмыстары аяқталғаннан кейін жаңа қоныста әрленген әдемі шамдар мен орындықтар, үлкен гүл бақтары, сондай-ақ, бұрқақтардың жанында ғашықтардың кездесу алаңына айналған «ғашықтар аралы» пайда болды. Талай тағдырларды тоғыстырған ҚазҰУ қалашығы жас ғашықтардың кездесуін осылайша көркейтіп келеді.

Күні кеше ғана ҚазҰУ-ды бітірген әр буын түлектері мерейтойлық кездесуде бас қосқан болатын. Олардың әрқайсысы бүгінде лауазымды орындарды басқарып келеді. Талай жылдар өтсе де өмірінің алғашқы қадамдарын жасап, алғашқы махаббаттарын кездестіріп, отау құрып, сенімді достарды тапқан тағдырларға ҚазҰУ ғана куә дейді бірауыздан түлектер. Бұл дәстүр әлі күнге дейін жалғасып келеді. Сондай-ақ, олар жылдар өте ҚазҰУ қалашығының көрікті мекенге айналатындығын армандайтын.

Аталмыш шара Қала әкімшілігінің жастар қауымына Қала күні мен университеттің мерейтойы қарсаңындағы сыйы. Ашылу салтанатына қала әкімі Ахметжан Есімов, ҚазҰУ ректоры Бақытжан Жұмағұлов және ең басты иегерлері ҚазҰУ жастары қатысты.

ҚазҰУ кешеніндегі бұл бұрқақ Алматы үшін қаланың көркем жерлерінің тағы бір ерекше субұрқақАлматы Жол картасы бағдарламасының аясында ҚазҰУ бұрқақтары қаланың көрікті жерлерінің біріне айналды.

ҚазҰУ-дың Баспасөз қызметі