- Негізгі бет
- Жаңалықтар
Қазақстан Президенті Н.Ә. Назарбаевтың дәрісі – ҚазҰУ студенттері үшін мерейтойлық жылдың ең басты оқиғасы
26.10.2009Еліміздегі жетекші университеттің мерейтойлық ең жарқын шағы Қазақстан Президенті Н.Ә. Назарбаевтың қатысуымен өткен Қазақ ұлттық университетінің 75 жылдығына арналған салтанат болды.
Мемлекет басшысы еліміздегі алдыңғы қатарлы ұлттық университетке сапарын ҚазҰУ химия факультетінің оқу ғимаратын ашу салтанатынан бастады. 27 мың шаршы метр аумақты қамтитын жаңа ғимарат ең жаңа лабораториялық құралдармен қамтамасыз етілген. Елбасы атап өткендей, тұтастай алғанда таяудағы 100 мың шаршы метрге жуық жаңа алаңдар салынады. Университетті 2020 жылға дейінгі дамытудың бас жоспарына сәйкес емханасы және стационары бар жастардың денсаулық орталығын, мәдени-тұрмыстық орталық салу көзделуде.
Елбасымен кездесу ең ірі ұлттық университет үшін маңызды оқиға болды.
- Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ өзінің қалыптасуы мен дамудың күрделі жолынан өтті. Бұдан 75 жыл бұрын ол бар-жоғы шеткі аймақтағы жобалрдың бірі еді. Алғашқы қабылдаған студенттер 50 адам болып, оларды 25 оқытушы оқытқан.
Ғасырдың үш ширегінде университет тәуелсіз елдің жетекші ғылыми және білім беру орталығына айналды. Мұнда 20 мыңға жуық адам оқиды. Соның ішінде 1000-ға тарта студент алыс және жақын шетелден келгендер, - деді өзінің үндеуінде Нұрсұлтан Әбішұлы. – Студенттерге өздерінің тәжірбесі мен білімін 27 академик, 300 профессор мен доктор, 800-ден астам ғылым кандидаттары беріп келеді. Қазақстан ғылымының дамуына ҚазҰУ-да жұмыс істейтін ғылыми мектептер, профессор-оқытушылар ұжымы зор үлес қосып отыр.
Десекте, бұл күннің айтулы оқиғасы республикадағы ең ірі оқу орынның студенттеріне оқыған елбасы дәрісі болды. әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың құрметті профессорының жариялық дәрісі интерактивті түрде Қазақстанның барлық ірі жоо-на таралды.
«Қазақстан дағдарыстан кейінгі дүниеде: болашаққа интеллектуалдық секіріс» дәрісі білім және ғылым саласын ғана емес, сондай-ақ өмірдің бар саласын жан-жақты қамтыған бағдарлама болып табылады. Елбасы бірінші кезекте, дағдарыстан кейін әлем қандай жағдайда болатынын, одан Қазақстанды жаңа белестерге шығарудың жолдары қандай болатындығы жөнінде сұрақтарды алдыға тартты. Президент мемлекетіміздің қоғамдық, экономикалық және саяси өмірінде дағдарыс тоқырауынан шығып, дамудың жаңа кезеңін бастау үшін қандай шаралар жасалып жатқандығын баяндады.
Елбасы атап өткендей, жаһандық қаржы-экономикалық дағдарыс әлем үшін елеулі сынақ болды. Сондықтан әлемді дағдарыстан кейінгі дамытудың мынадай трендтерін көрсетті, бұл: әлемдік валюта жүйесінің трансформациясы, күштерді әлемдік жаңаша орналастыруды қалыптастыру, экономикада энергия үнемдеуге көшу.
Экономиканы жеделдете модернизациялау, шикізаттық экономикадан индустриалдық экономикаға көшуге келетін болсақ, онда Мемлекет көсбасшысы озық технологияларға, яғни әлемдік деңгейде бәскеге қабілетті кәсіби білікті, жоғары санатты маман дайындауға басымдық беріп отыр. Және бұл жерде жастарға сенім артылған үміт бар.
- Қазақстанға біздің ұлтымыздың әлеуетін оятуға және жүзеге асыруға жағдай жасайтын интеллектуалды төңкеріс қажет, - деді Президент.
«Интеллектуалды ұлт – 2020» жобасының негізінде үш аспект жатыр, атап айтар болсақ, Қазақстанның білім беру жүйесіндегі серпіліс, ғылымды дамыту және еліміздің ғылыми әлеуетін арттыру және инновация жүйесін дамыту.
- Мұнсыз біз Қазақстанды бәсекеге қабілетті адам капиталы бар елге айналдыра алмаймыз. Мен бүгін барлық ғалымдарды, педагогтар мен студенттерді оны жүзеге асыруға белсенді қатысуға шақырамын. Біріге отырып біз алдымызға қойған барлық мақсатымызға қол жеткіземіз және Қазақстанда интеллектуалды ұлт құратын боламыз, - деп Елбасы үндеу тастады.
Елбасы дәрісі ғылыми және жоғарғы мектеп қауымдастығы арасында қызу қолдауын тауып, дем берді. Байқауымызша, Студенттер сарайындағы елбасы дәрісінен өзіне конспект жазбай немесе өз елінің болашағы жайлы толғанбай бірде-бір тыңдарман кетпеді.
Елбасы сапарын әрі қарай «ҚазҰУ – 75!» мерейтойлық көрмесін аралаумен жалғастырды. Мұнда университеттің ғылыми жетістіктері мен ғалымдардың жобаларымен танысып, тіпті, кейбірі қызықтырғаны сонша, экспозицияда жоспарлаған уақытынан ұзақтау болды.
Қоштасарда Студенттер сарайының алаңына жиналып, мерейтойдың басты қонағын асқан шабытпен шығарып салып тұрған ҚазҰУ студенттері мен оқытушыларына тағы да сәлем жолдап кетті.
ҚазҰУ-дың баспасөз қызметі