Жаңалықтар

ҚазҰУ-да ядролық энергетика саласында үшжақты меморандумға қол қойылды

27.10.2009

Алматыда іргелі оқу орынның 75 жылдық апталығы аясында Қазақ ұлттық университеті, Қазақстан Республикасының Ұлттық ядролық орталығы және Ядролық энергетика Жапония агенттігі арасында үшжақты мемарандумға қол қою салтанаты болды.

Үшжақты меморандумды әл-Фараби атындағы ҚазҰУ ректоры Б.Т. Жұмағұлов, Қазақстан Республикасының Ұлттық ядро орталығының бас директоры К.К. Қадыржанов және Ядролық энергетика Жапония агенттігінің президенті Тошио Оказаки қол қою арқылы бекітті.

Меморандум шеңберінде білім беру мен газбен салқындатылатын жоғары температуралық технология саласында маман дайындауда біріккен жұмыс жүргізіледі. Қазіргі уақытта бұл ядролық және термоядролық технологияны экономиканың өзге де саласында пайдалану мүмкіндіктері ашылып келе жатқан, ядролық энергетикадан бүкіл әлемде мойындалған басты технологиялық бағыт.

Сонымен қатар үш жақ басқа бағыттарда да әріптестікті дамытуға құлшыныс танытты. Жекелей алғанда ядролық физика, ядролық және термоядролық энергетика, радиациялық материалтану, жаңа нәрселерде және ұқсас технологиялар саласында оқытушылық кадр дайындауға, ғылыми-техникалық саласында оқытуға; біріккнен семинарлар, конференциялар және басқа да ғылыми форумдар ұйымдастыруға; арнайы курстар өткізу үшін немесе біріккен оқыту бағдарламаларын жүзеге асыру үшін профессор-оқытушылар құрамымен алмасуға қатысты.

ҚазҰУ-дың баспасөз қызметі