- Негізгі бет
- Жаңалықтар
М.В. Ломоносов атындағы ММУ күндерінің салтанатты ашылуы
05.11.200975-жылдық меретойы аясында әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде М.В. Ломоносов атындағы ММУ күндерінің салтанатты ашылуы болды.
Салтанатты жиынды әл-Фараби атындағы ҚазҰУ ректоры Бақытжан Жұмағұлов алғысөзбен ашты. Ректор өз сөзінде Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың республикамыздағы ірі оқу орынның мерейтойлық салтанатына қатысып, құттықтауы университет үшін маңызды екендігін айтты.
- Осы күндерде еліміздегі іргелі оқу орнының халықаралық беделінің артуын дәлелдейтін, университет атына көптеген шет мемлекеттерден құттықтаулар келіп түсуде. ҚазҰУ өмірінідегі басты оқиға - мерейтойға университет достары аса назар аударуда, - деді ол.
ҚазҰУ мерейтойына орайластырылған ауқымды шаралардың қатарындағы ММУ күндерінің ашылуы маңызды орын алады. Ғылым және білім беру саласындағы әріптестік жылдарында Қазақ ұлттық университетімен бұрынғы ғылыми, іскерлік және достық қарым-қатынастар орнатты. ҚазҰУ-дың бірқатар жас ғалымдары мен студенттері Мәскеу мемлекеттік университетінің қабырғасында оқуын жалғастырып, ғылыми ізденістермен шұғылдануда. Біздің оқу орындары арасында білім және маман алмасу сенімді әрі қарқынды түрде қалыптасқан. Әлбетте, Қазақстанның бас университетін мадақтау рәсімінде Ресейдің алғашқы оқу орнының қатыспауы мүмкін емес.
Ресей Федерациясының Қазақстандағы Бас консулы Борислав Мещанинов Ресей федерациясы Президентінің атынан салтанатты шара қатысушыларына құттықтау хатын оқыды. Онда: «Өткен жылдар аралығында Университет Республиканың жетекші оқу орны кәсіби маман даярлау «шеберханасына» айналды. Ресейде және басқа да шетелдерде оны өз дәстүрі мен мықты профессор-оқытушы құрамымен белгілі жоғары білім беретін және беделді зерттеу орталық ретінде біледі. Бүгінде ҚазҰУ қарқынды дамып, ең жоғарғы халықаралық стандарттарға және талаптарға жауап беруге тырысады. Корпоративті менеджмент жетіліп, озық ғылыми технологиялар енгізілді. Әрине, ресейлік жоғарғы оқу орындарымен әріптестік қатынастар артып келеді. Қазақстан мен Ресей арасында жоғары білім беру саласындағы ынтымақтастық көптеген жылдар бойы сақталып келеді. Біріккен зерттеу жұмыстарын жүргізіп, студенттер мен аспиранттар алмасу дәстүрін сақтауға әрі қарым-қатынасымыздың нығая түсуіне атсалысамыз» - делінген.
Ресей университетінің атынан ММУ-дың проректоры Виктор Трофимов сөз алды. Ол бірінші кезекте мерейтоймен ҚазҰУ-дың ректорын және оқытушы-профессор ұжымын құттықтады. Сондай-ақ, Б.Т. Жұмағұловтың бастамасымен болып жатқан әлемнің жетекші оқу орындарының ҚазҰУ-дағы күндерін өткізу сынды жаңа дәстүр ғылыми және студенттік, сондай-ақ мәдени алмасу тұрғысында өзекті, профессорлар мен студенттер арасында ынтымақтастық пен әріптестік көкжиегін кеңейтуде маңызы зорын айтты. В.Т. Трофимовтың айтуынша, ҚазҰУ-дың бұл құлшынысы шетелдік жоғары оқу орындарымен халықаралық ынтымақтастықты кеңейтуге бағытталған.
Құрметті қонақтар қатарында Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ-дың ректоры Бахытжан Әбдірайымов; ҚР ЖОО Ассоциациясының президенті Рахман Алшанов; Кангнам Университетінің президенті (Корей Республикасы) Шинил Юна; РФ РҒА-ның корреспондент-мүшесі, РҒА төрағасының орынбасары Геннадий Кулипанов; Жапония атом энергетикалық агенттігінің президенті Тошио Оказаки және тағы басқалары болды.
ҚазҰУ-дың Баспасөз қызметі