14 шілдеде ҚазҰУ басшылығы Корея ғылым және технология университетінің президенті доктор Ли Ун Вумен кездесті.
Кездесу мақсаты - университет білім алушыларының «магистратура» және «докторантура» бағдарламалары бойынша Корея ғылым және технология университетінде білім алуға шақыру мәселелерін талқылау болып табылады.
Корея ғылым және технология университеті Оңтүстік Кореяның Сеул, Сувон, Чангвон, Ансан, Соннам және Тэджон қалаларындағы ұлттық унверситеттер тобын құрайды. Оңтүстік Кореяның KAIST және POSTECH сынды ең үздік ғылыми-технологиялық мекемесі ретінде университет ғылым және инженерия салаларында тек қана магистратура және докторантура бағдарламалары бойынша білім береді.
Кездесу нәтижесінде әл-Фараби атындағы ҚазҰУ мен Корея ғылым және технология университеті арасында Өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойылды.
Кездесу барысында қонақтар әл-Фараби кітапханасы, әл-Фараби мұражайы, «Керемет» студенттерге қызмет көрсету орталығы, сонымен бірге Ғылыми-технологиялық паркпен танысты.
ХЫД