Алматы қаласында тұратын студенттер мен жоғарғы сынып оқушылары арасында көркем шығармашылық жұмыстар бойынша байқау жарияланады. Байқауға қабылданатын шығармашылық жұмыстар: прозалық көркем шығармалар (әңгімелер), өлеңдер, көркем публицистикалық шығармалар (очерк, эссе).
Ұйымдастыру комитеті материалдарды 2014 жылдың 1 қазаны мен 1 желтоқсаны аралығында қабылдайды.
Жүлделі орындарды иеленген жеңімпаздарға Халық жазушысы Ә. Нұршайықов атындағы стипендия тапсырылады.
Ұйымдастыру комитеті 6 жүлделі орын белгілеп отыр. (3 – қазақ тіліндегі шығарма, 3 – орыс тіліндегі шығарма)
Жеңімпаздарға сыйақының салтанатты түрде тапсырылуы 2014 жылдың желтоқсан айының екінші жартысында әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-да өтеді.
Ең үздік деп танылған шығармалар жазушының http://www.nurshaihov.kz жеке сайтында жарияланады.
Сіздердің шығармашылық жұмыстарыңызды күтеміз!
Байқаудың талаптары.docx
Байқауды ұйымдастыру комитеті