Әл−Фараби атындағы ҚазҰУ география, жерге орналастыру және кадастр кафедрасының профессорлық оқытушылық құрамы 2009 жылдан бастап ҚР білім және ғылым министрлігі «Дарын» Республикалық ғылыми тәжірибелік орталығы тізгінінде өтетін география пәнінен оқушылар арасындағы Республикалық пәндік олимпиадада әділ қазы алқасы ретінде қатысады.
2010 жылдан қазіргі кезге дейін жыл сайын кафедра меңгерушісі, г.ғ.д., профессор Нүсіпова Г.Н. олимпиаданың әділ қазы басшысы (Ақтау, 2009; Қостанай, 2010 ж.; Қызылорда, 2011ж.; Ақтөбе, 2012ж.; Талдықорған, 2013ж.; Өскемен, 2014ж.; Орал, 2015ж) және географиядан халықаралық құрама олимпиадасының (Киото, Жапония, 2013ж.; Краков, Польша, 2014ж.) координатор болып табылады. География пәнінен оқушылар арасындағы олимпиадалық резерв дайындығы Әл Фараби атындағы ҚазҰУ география, жерге орналастыру және кадастр кафедрасы базасында жүргізіледі. Сабақтарды университеттің алдыңғы қатарлы ғалымдары мен оқытушылары – г.ғ.д., профессор Надыров Ш.М., Вилесов Е.Н., Ердавлетов С.Р., Нүсіпова Г.Н. г.ғ.к., доценттер Веселова Л.К., Тоқбергенова А.А., Ақтымбаева А.С. PhD Сарсенова И.Б., аға оқытушылар Қожахметов Б.Т., Дүйсенбаев С.М. Каирова Ш.Г., Калимурзина А.М. және т.б. жүргізеді.