Жаңалықтар

Тәуелсіздік күні қарсаңында «әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың үздік факультеті» байқауының жеңімпаздарын марапттау рәсімі

04.12.2009

Тәуелсіздік күні қарсаңында Ө.А. Жоолдасбеков атындағы Студенттер сарайында әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің жалпыұлттық Тәуелсіздік күніне арналған «әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың үздік факультеті» байқауының жеңімпаздарын марапаттау рәсімі болды.

Тәуелсіздік күнін мерекелеу еліміздің жетекші оқу орын ұжымы үшін 75 жылдық мерейтой салтанатының шарықтау шегі болса, ал «әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың үздік факультеті» байқауының нәтижесін шығару - мерейтойлық жылдың қорытынды оқиғасы болды.

Мерекелік шара мемлекеттік туды салтанатты түрде әкеліп, әнұранның орындалуымен ашылды.

Ректор Бақытжан Жұмағұловтың атап өткеніндей Тәуелсіздік күні алдыңғы ұрпақ өкілдеріне жасалған құрмет, білектің күшімен, найзаның ұшымен қорғап қалған құндылығымыз. Сонымен қатар, ол осы жылдар ішінде Қазақ ұлттық университетінің сіңірген еңбегі мол екендігін атап өтті. ҚазҰУ өзінің 75 жылдық тарихында қазақстандық ғылыми, экономикалық, әлеуметтік және саяси элитасының кадрларын дайындау «ұстаханасы» болып келгендігін айтты. Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев біздің университеттің қабырғасында оқыған дәрісінде ҚазҰУ-ды «жаңа қазақстанның білімі мен ғылымының форпосты» деп атап, мүлде жаңа анықтама берді.

Тәуелсіздік күні қарсаңында университет мерейтойлық жыл барысында жасалған ауқымды жұмыстың қорытындысын шығарды. Университет факультеттері арасындағы жыл сайынғы байқау жеңімпаздарын марапаттау салтанатында оқу орын ректоры байқау номинанттарын дипломдармен және бағалы сыйлықтармен марапаттады. Байқау нәтижесі бойынша екінші орынды биология және химия факультеті өзара бөлісті, үшінші орынды шығыстану факультеті иеленсе, төртінші орын филология факультетіне бұйырды.

Әлбетте, кештің «қызық құпиясы» ауыспалы жалауша мен «әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың үздік факультеті» атағын иеленетіндігін көрермендер асыға күтті. Сонымен биыл ҚазҰУ-дың ең үздік факультеті болып физика факультеті танылды!

Физика факультетінің деканы Асқарова Әлия Сандыбайқызының айтуынша, байқау жай көрнекілік үшін емес, күрделі болыпты. Университеттің 13 факультеті оқуда, ғылыми қызметте, тәрбие жұмысында ең жақсы көрсеткіштерге қол жеткізу үшін күресті. Сондай-ақ халықаралық ынтымақтастық деңгейі де қарастырылған, тіпті, оқу ғимараттары мен жатақханалар жағдай да ескерілді. «Факультеттер арасындағы жарыс жеңіл болған жоқ, сондықтан да бұл жеңістің салмағы басым. Біздің ұжым өз жеңісіне қуанады, алайда университеттің «айнасы» болу - көп міндет жүктейді», - дейді ҚазҰУ-дың физика факультетінің деканы.

Мерекенің концерттік бағдарламасына енген тәуелсіз Қазақстан халықтарының бірлігі мен болашағын көрсететін «Халықтар достығы» мен «Біз Тәуелсіз Қазақстанның ұландарымыз!» хореографиялық композициялары, университет студенттерінің орындауындағы патриоттық әндер мен «Бақыт» би тобының әдемі билері кірген.

Ең бастысы, биылғы Тәуелсіздік Күнін Қазақ ұлттық университетінің ұжымы елжандылық пен сән-салтанатпен қарсы алуы еліміздің дамуы мен жаңа белестерге жетуіне үлес қосуына ұмтылғандығының айқын көрінісі.

Келе жатқан Тәуелсіздік Күні құтты болсын!

ҚазҰУ-дың Баспасөз қызметі