Жаңалықтар

ҚазҰУ барлық есіктерді ашады!

7-жел-09

28 қараша 2009ж әл-Фараби атындағы ҚазҰУ АМД Мансап секторы ашық есіктер күнің өткізді. Ашық есіктер күннің бағдарламасына факультеттердің ақпараттық сессиясы, кампус-тур, ҚазҰУ-не оқуға түсу процедурасының және «әл-Фараби 2010» олимпиадасының презентациясы, тегін тестілеу кірді.

Алматы қаласының оқушылары осы шараға үлкен көңіл бөлді, ашық есіктер күніне 63 мектептен 600 оқушылар қатысты.

Университет презентациясында ҚазҰУ-де оқу артықшылықтары, абитуриенттерді жинаудың жаңа концепциясы, оқу үдерісі, пәндік олимпиада өткізу тәртібі туралы мағлұматтар берілді. Презентацияға бүкіл декандар және профориентациялық жұмысқа жауаптылар қатысты.

Қазақ ұлттық университетінің үздік профессорлары Қазақстанның 14 облыстық орталықтарын дарынды оқушыларға Алматы қаласына келмей-ақ ҚазҰУ-не тусу мумкіндік беру мақсатымен аралайды. Олимпиадаға Қазақстанның барлық аймақтарының оқушыларына қатысуға болады. Әр облыстық орталықта олимпиада қойылған күндері өтеді. 450 оқушы жалпы білім беру пәндерінен: география, биология, физика, математика, химия, дүниежүзілік тарихы, қазақстан тарихы, орыс тілі, қазақ тілі, орыс әдебиеті, қазақ әдебиеті, ағылшын, неміс, француз тілдерінен тегін тестілеуден өз күштерін сынады.

Бұл күні Университеттің бүкіл есіктері ашық болды. Кампус-турдың арқасында Қабылдау комиссиясын, ҰБТ-ге дайындайтын Орталықты, кітапхананы, спорт-кешенді, интернет-орталықты, жатақхананы, биология факультетінің мұражайын және тағы басқа объектілерді тамашалауға мүмкіндік алды. 400 аса мектеп оқушылары Казгуград оқу кешенінің мықтылығы және ғажайыптылығына көз жеткізді, жаңа оқу ғимараттарын, заманға сай Интернет - орталығын, көркем спорт-кешенін көріп, комфортты жатақханалардағы студенттік өмірді сезе алды.

Ашық есіктер күнінде әрбір келуші ҚазҰУ түсу шарттары, университетте оқу ерекшелігі, студенттік өмір, мұғалімдер туралы мәлімет алды, сонымен қатар бқл күні барлығы қалауымен қызықтыратын мамандығы бойынша лекцияға қатысып, тыңдауға мүмкіншілік алды. Республикамыздың жетекші университетінің мықтылығы, келушілерге үлкен әсер қалдырды, олардың көбісі болашақта Университеттің қабырғасында білім алып, әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің студенті деген мақтан тұтар атаққа ие болуды қалады.

Университеттің Ашық есіктер күніне қатыса алмай қалғандар, көрсетілген мерзім бойынша факультеттердің Ашық есік күніне қатысуға мүмкіндіктері бар. Факультеттердің Ашық есік күндерін өткізу кестесі сайтта, «Абитуриент - 2010» бөлімінде көрсетілген.