әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің ғалымдар тобы жақында Германиядағы Қазақстан жылы шеңберінде Герман-Қазақ қоғамдастығының ұйымдастыруымен өткен дөңгелек үстелдің отырысна қатысып келді. Ғалымдара арасындағы сұхбатқа «Бүгінгі Қазақстан: этносы, мәдениеті және діні» тақырыбы сеп болды.
ҚазҰУ ғалымдары мен Герман-Қазақ қоғамдастығының мүшелері болашақта бірге жасайтын жоспарларды талқылады. «Біз университтетің таныстырылымын жасадық және келесі 2010 жылы Германиядағы Қазақстан жылы шеңберінде біріккен конференция өткізуді келістік», - дейді ҚазҰУ-дыңпрофессоры Ақтолқын Құлсариева.
Сондай-ақ қазақстандық делегация Германияда оқып жатқан еліміздің студенттерімен бірнеше кездесулер өткізіп, онда жас отандастарымызбен қазіргі қазақстандық жастардың діни идентификация мәселелерін талқылады.
Германияда біздің ғалымдарымыз Қазақстан дамуының бүгінгі философиялық-мәдени парадигмасы үлгісін жан-жақты меңгеруге бағытталған «Ќазаќ елі - жерұйыќ» атты жаңа қазақстандық ғылыми зерттеу жобасының тұсау кесерін жасады.
«Германияда Қазақстаннан тарихи отанына оралған этникалық немістер көп. Мұнда, әсіресе Берлин қаласында тұратын қазақтар көп» дейді ҚазҰУ профессоры Алия Масалимова. - Қазақстанның қазіргі экономикалық және әлеуметтік жағдайы, мәдени даму деңгейі мен діни жағдайы, сөзсіз олардың қызығушылығын тудырып отыр. Бұл қазақстандық ғалымдармен ғылыми және мәдени байланыстарды кеңейтуге өз әсерін тигізеді».
Қазір қазақ ұлттық университеті немістердің ірі жоо-ларымен әлеуметтік-гуманитарлық салада жетекші мамандармен алмасу перспективаларын қарастыруда.
ҚазҰУ-дың Баспасөз қызметі