- Негізгі бет
- Жаңалықтар
Еліміздің басты жоғарғы оқу орны келесі жылдың талапкерлеріне ұнайтын мамандығын таңдауға көмектесуді ойластыруда
29.12.2009АЛМАТЫ. 25 желтоқсан. ҚАЗАҚПАРАТ /Елена Ильинская/ - Жыл аяқталмай-ақ, еліміздің басты жоғарғы оқу орны келесі жылдың талапкерлеріне ұнайтын мамандығын таңдауға және ҰБТ-ға дайындалуға көмектесу мәселелері жайында ойлануда. Бұл жайында әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың оқу жұмысы жөніндегі департамент директоры, профессор Гүлнар Балақаева баяндады.
Ол кісінің пікірінше, Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті үшін осы жыл ерекше - мерейтойлы болды. Жыл бойы университетте көптеген іс-шаралар өткізілді, ең бастысы еліміздің Президенті Н.Ә. Назарбаевтың келуі және жетекші жоғарғы оқу орнының студенттері мен мұғалімдерінің алдында «Қазақстан дағдарыстан кейінгі дүниеде: болашаққа интеллектуалды секіріс» атты лекция оқуымен байланысты болды. Елбасы атап өткендей, ЮНЕСКО ережелеріне сәйкес «әрбір адамға қазіргі заманмен бірге жасай білуді, оқи білуді, өмір сүре білуді қалыптастыру қажет» дегенді ескертті. Дәл осы принциптерді жүзеге асыруға ҚазҰУ-да барлық жағдай жасалғандығын сеніммен айтып отыр.
Г. Балақаева мерейтойлы жыл ҚазҰУ үшін студенттерді қабылдауда ең «өнімді» жыл болды. Мемлекеттік гранттың 2583 иегері ҚазҰУ-да сапалы білім алуды шешті. ҚазҰУ-ға осы жылы түскен студенттердің 700 астамы «Алтын белгі» иегерлері, халықаралық және республикалық байқаулардың, олимпидалардың жеңімпаздары. Мемлекетік грантты алуға азғантай жетпей қалған талапкерлер ҚазҰУ ректорының грантына ие болғандығын айтты.
2009 жылғы қабылдау комиссиясының өте жақсы көрсеткішіне университеттің мектеп түлектерімен жүргізген ауқымды жұмысы себеп болды. Жыл бойы университет мектеп оқушыларымен кездесулер, форумдар өткізді. Г. Балақаеваның сөзіне сүйенсек, соның ішінде орасан зор жоба «Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Пәндік олимпиядасы». ҚазҰУ пәндік олимпиадасының арқасында тұрғылықты жеріне, әлеуметтік мәртебесіне және әл-ауқатына қарамастан әрбір қазақстандық оқушыға сапалы, жоғары білім алу мүмкіндігі пайда болды. 2009 жылдың ақпан-сәуір айлары аралығында Қазақ Ұлттық университетінің үздік профессорларының қатысуымен Алматы және Астана қалаларында және бүкіл облыс орталықтарында пәндік олимпиада өткізілді. «ҚазҰУ Пәндік олимпиадасына» Қазақстанның бүкіл аймақтарынан 7000 астам мектеп оқушылары қатысты.
Г. Балақаева университет студенттерді сапалы сұрыптауда өзінің белсенді қызметін 2010 жылы қабылдау комиссиясы жалғастыратындығын, және бұл жұмыстың басталғандығын айтты. Бұл жылдың қараша айында Академиялық мәселелер жөніндегі Департаменттің мансап секторы жоғарғы сынып оқушылары үшін әл-Фараби атындағы ҚазҰУ «Ашық есік» күнін ұйымдастырды. Ашық есік күні «ҚазҰУ-2010 Пәндік олимпиадасы» жобасын бастады. Енді бүкіл республика бойынша мектеп оқушылары еліміздегі ең үздік университеттің студенттері қатарына қосылу үшін алғашқы сұрыптау кезеңі болып саналатын бұл жобаға тіркеле алады.
Толығырақ мына сайттан таныса аласыздар: http://www.inform.kz/, 25.12.2009 / 19:37
ҚазҰУ-дың Баспасөз қызметі