Жаңалықтар

ҚазҰУ студенттері 100 % өз дауыстарын Ұлт көшбасшысы Н.Назарбаевқа берді

28.04.2015

2015 жылдың 26 сәуірінде ҚазҰУ студенттері 100 % өз дауыстарын Ұлт көшбасшысы Нұрсұлтан Назарбаевқа берді. Сайлау нәтижесі жастардың Президентке деген жоғары сенімі мен оның стратегиялық бағытын қолдауының жарқын көрінісі болды.

ҚазҰУ студенттері Қазақстан Республикасы Президентін сайлауға көтеріңкі көңіл-күймен және үлкен шабытпен қатысты. Ерте таңертең бозбалалар мен бойжеткендер сайлау учаскілеріне барып, ел ертеңіне таңдау жасады. Сағат 10-ға қарай ҚазҰУ қалашығының сайлау учаскілерінде дауыс берушілердің келуіне қатысты 100% қатысқандығы туралы ақпарат тіркелді. Осылай университеттің студент жастары азаматтық жауапкершілік пен электоралдық белсенділік танытты.

Елбасын сайлауға бірінші болып ең белсенді студенттер келді, олардың арасында алғаш рет дауыс берушілер де бар. «Мен бүгін өз университетімде алғашқылардың бірі болып дауыс бергеніме өте қуаныштымын. Біз Қазақстанның жетекші ЖОО-ның студенттері ретінде белсенді азаматтық позицияны көрсетуіміз керек, әрқайсысымыздың дауысымыз ел болашағы үшін аса маңызды», - деп филология, әдебиеттану және әлем тілдері факультетінің бірінші курс студенті Динара Шамшиева өз ойымен бөлісті.

Университет ректоры Ғалым Мұтанов бұл күні студенттердің бірлігі мен ауызбіршілігінің ерекше екенін атап өтті. «Бұл біздің жастарымыздың саяси белсендігі тұсынан жоғарылағанын, шынайы берілгендігі және халық пен елдің қызығушылығына сай келетін мемлекет басшысының сындарлы саясатын қолдау дегенді білдіреді», - деді университет басшысы.

«Мен өз даусымды Нұрсұлтан Назарбаевқа бердім, себебі ол біздің Көшбасшы, оның жетекшілігімен еліміз тәуелсіздікке қол жеткізді, біз оның атымен Қазақстанның дамуы мен гүлденуін байланыстырамыз», - деді Экономика және бизнес жоғары мектебінің магистранты, жастар ұйымдарымен жұмыс жөніндегі бөлімінің басшысы Нұрлан Әбдіқадыров.

Сайлаудан кейін ертеңіне университет студенттері оңтүстік астананың жастарымен бірге зор қуанышпен Республика Сарайы алаңында Н. Назарбаевтың жеңісін тойлады.

Баспасөз қызметі