«Культ здорового тела» жобасы аясында рекреациялық география және туризм студенттері жыл сайын өтетін қайырымдылық алматы марафонына қатысты.
Студенттер барлық үш қашықтық бойынша: 10,21,42 км. жүгіріп өтті. Берілген уақытта жүгіріп өтіп, медаль және «Adidas» компаниясынан сыйлықтармен марапатталды.
Қатысушыларға әйгілі спортшылармен кездесу қызықты болды.Олар: Ермахан Ибраимов, Ольга Шишигина, Максут Жумабаев.
Барлық қатысушылар ұйымдастырылған шарамен риза болып, келесі жылы қатысуға ниет білдірді.
Рекреациялық география және туризм кафедрасы