- Негізгі бет
- Жаңалықтар
«Жоғары білім беру - интеллектуалдық ұлт қалыптастырудың стратегиялық ресурстары» атты ғылыми-әдістемелік конференция
19.01.201015 қаңтар күні алғашқы ұлттық оқу орын әл-Фараби атындағы ҚазҰУ өзінің кезекті туған күнін атап өтті. Айтулы дата «Жоғары білім беру - интеллектуалдық ұлт қалыптастырудың стратегиялық ресурстары» атты осы оқу орынның оқытушы-профессорлар құрамының мерейтойлы 40-шы ғылыми-әдістемелік конференциясымен тұспа-тұс келді.
Республикамыздағы ең ірі оқу-әдістемелік орталықтың дәстүрлі конференциясы 700-ден аса ғалымдары мен оқу орын оқытушыларының және шет ел қонақтарының басын қосты.
«Біздің университеттің қабырғасында оқыған Ел Президентінің Актілік дәрісі біздің жұмысымыздың басты межесін анықтап берді, әсіресе, бүкіл оқу-әдістемелік, ғылыми және тәрбие жұмысы Президент айтқан «Интеллектуальды ұлт» бағдарламасын жүзеге асыруға ықпал етуі тиіс», деді ғылыми-әдістемелік конференцияның қатысушыларына ҚазҰУ ректоры Бақытжан Жұмағұлов. - Университетте бұған қажетті аса қуатты әлеует бар.
Бүгінде әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың ғылыми бағдарламалары қазіргі заманғы ғылым мен білімнің ең өзекті мәселелерін қарастырады. Ғылыми зерттеулер 20-дан астам ғылыми-зерттеу институттары мен ғылыми орталықтарда жүзеге асырылады.
Қазақстанның алдағы Болон үдерісіне енуі білім берудің түбегейлі бағыттарын таңдады және анықтады. Қазіргі жағдайда университетте білім беру қызметінің жан-жақтылығын қамтамасыз ету кредиттік оқыту жүйесі барысында аса табысты жүзеге асырылады. Енгізілген интранет-жүйе оқу үдерісін ұйымдастырудың барлық кезеңінің ашықтығын толық қамтамасыз етіп, ОПҚ-ның оқытудың заманауи технологияларын меңгеру барысындағы әлеуетін жұмылдыруға мүмкіндік берді.
Алайда, жетекші оқу орынның ғалымдары атап өткендей, жоғарғы мектеп жүйесі әлі де әлемдік стандарттар деңгейінде білім беру бағдарламаларымен қамтылмаған. Сөз студенттердің академиялық мобильділігін арттыруда болып тұр. Біздің студенттеріміздің халықаралық білім беру бағдарламаларына белсенді атсалысуына жағдай жасау керек. Университетіміз жетекші университеттерде алынған кредиттерді есепке алу бойынша шаралар қабылдады. Мәселен, биылғы жазғы семестрде 100-ге тақау студентті шетелге оқуға жіберуді жоспарлап отыр.
Ал конференцияда талқыланған екінші мәселе, студенттердің мобильділігіне нұқсан келтіретін олардың академиялық ауыртпалығының басым болуы. Студенттің бір семестрде оқитын кредиттерін 5-ке дейін қысқарту керек (қазіргі 10-12 кредитке қарсы).
Бұл студенттің дербес жұмыс істеуіне мүмкіндік береді, өз кезегінде оқытушылардың да қосымша күш салуына әсер етеді.
Шетелдік әріптестер бұл әлемдік тәжірибеге сәйкес келетіндігін айтып жатты. Мәселен, Канадалық профессор Элия Романанджису, студенттердің өзіне күш салып, жеке оқыту тәсіліне көп көңіл бөлу керектігін айтады.
Аль-Асхар университетінің (Каир, Египет) профессоры Абдель Азиз Абдель Хафиз аль-Хули: «Египетегі жаңа оқу-әдістемелік тәжірибе жеке оқыту әдісі болып табылады. Оқытушылар студенттің мінез құлқы, интеллектуалдық деңгейі мен қабылдауы жайлы жан-жақты білуі қажет. Мұндай ақпарат студентті толық түсініп, оның көкірек көзін ашып, білім көкжиегін кеңейтуге мүмкіндік береді», - дейді.
Оқу орын басшысы, академик Б. Жұмағұловтың тұғырлы, жоғары білім беру жүйесінің діңгегі ретіндегі ұлттық университеттің алдындағы мақсаттары мен міндеттері, болашақ жоспарлары жайлы айтқан қорытынды сөзі жоо қоғамдастығын ерекше ынталандырды. Қазақ ұлттық университеті барлық жоо алдындағы бұл жауапкершілікті түсініп, мақсат-міндеттерді өз дәрежесінде орындауға күш жұмсайды.
ҚазҰУ-дың Баспасөз қызметі