Жаңалықтар

Жас ізденушінің алғашқы ғылыми еңбегі

27-қаң-10

ҚазҰУ-дың қазақ әдебиеті кафедрасының жас ізденушісі Әйгерім Әлімжанова «Айтыстың көркемдік әлемі: О.Досбосынов шығармалары негізінде» атты тұңғыш кітабын шығарды. Ізденуші осы еңбегін қазақтың жас айтыскер ақыны, марқұм Оразалыға арнап шығарған.

Әйгерім Әлімжанованың бұл еңбегін филология ғылымдарының докторы, профессор Қансейіт Әбдезұлы жоғары бағалап, «Оразалы Доспосыновтың көркем сөз образдарының көркемдік-тілдік бейнесін талдап жазған тұңғыш еңбек» деп атап өтті.

Кітап «Кие» баспасынан 1000 данамен шықты.

ҚазҰУ-дың Баспасөз қызметі