Жаңалықтар

Баспасөз және электронды БАҚ кафедрасына 81 жыл

26.10.2015

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ журналистика факультетінің Баспасөз және электронды БАҚ кафедрасы университеттегі тарихы терең кафедралардың бірі болып саналады. Бұл кафедра 1934 жылы ашылып, 1949 жылдың аяғына дейін журналистика факультетіндегі жалғыз кафедраның қызметін атқарды.Большевиктік баспасөздің теориясы мен практикасы деген атпен ашылған кафедра бүгінгі күні 81 жасқа толып отыр.

Бұл айтулы шараны кафедра меңгерушісі, саяси ғылымдарының докторы, профессор Сұлтанбаева Гулмира Серікбайқызы бастаған профессор-оқытушылар құрамы №15 жатақханада өткізуді жөн көрді. Шығармашылық кештің шымылдығын ашқан филология ғылымдарының кандидаты, доцент, профессор қызметін атқарушы Қабылғазина Клара Қабылғазықызы жиналған қауымға кафедра тарихынан сыр шертіп, өз жолының үлкендігін бата берумен жалғастырды. Сөз сөйлегендердің қатарында филология ғылымдарының кандидаты, доценттер Молдабеков Әміржан, Мектеп-тегі Аманқос сияқты ұлағатты ұстаздар да өз тілектерін жаудырды. Бұл кештің сәнін келтірген аға оқытушы Әлім Әсел мен студенттер кеңесінің төрайымы Мұхаметкәрім Анель ұйымдастырған 1- курс студенттерінің концерттік нөмірлері болды. Кеш қонақтары Қастай Дастан, Әмірбек Бегарыс, Айсұлтан Бекет, Наурызалиев Жасұлан, Орынбасарова Әсем, Қуанышбек Есентемір сияқты студенттердің күмбірлеген күйлері мен ән-өлеңдерін тыңдап, бір марқайып қалды. Осындай мерекелі жиынның өтуіне көмектерін тигізген Алматай Орынай, Амалбек Айгерім, Арынбек Күнту, Ахмет Жанерке, Бақытжанова Мейірім, Айдархан Сымбат, Балтабай Райхан, Әбішева Айнұр, Қазмағамбетова Әсел, Казыбекова Надира, Мұратқызы Динара, Мұханғали Құндыз, Ниязбек Дәурен, Ортай Перизат, Садырғалиева Мөлдір, Самат Сұлуфан, Сәруар Арафат, Үшкемпір Бекзат, Талапкер Айша, Жаңғабылов Еркін сияқты студенттердің атын атамай кетуге болмас. Шара соңында студенттерге оқытушылар дайындаған сыйлықтар тапсырылып, дастархан жайылды.