Тарих, археология және этнология факультетінде «Айналаңды нұрландыр» жобасы аясында Дүние жүзі тарихы, тарихнама және деректану кафедрасының ұйымдастыруымен Қазақстанның белгілі мәдени қайраткерлерімен кездесу өтті. Негізгі қонақтар ретінде ҚР-ның еңбек сіңірген қайраткері, жыршы, термеші Ахан Әбдуәлібір-екі шәкіртімен, «Ұлас-электрон» ЖШС директорының орынбасары Жарқын Сәленұлы шақырылды.Мәдени іс-шараның мақсаты: студенттерге ғасырлар бойы қалыптасып, дамып келе жатқан халықтық ән-күй, жыр-терме сынды рухани қазыналарымызды кең көлемде, жан-жақты насихаттау. Сол арқылы «Мәңгілік ел» ұлттық идеясының жүзеге асуына нақты қадамдар жасау.
Мәдени іс-шараның барысында факультеттің 1-3 курс студенттері қонақ кәде жасап, олардың жыр-термелерімен сусындады. Сонымен қатар, студенттер де құр қалмай, өз өнерлерін ортаға салды. Сұрақ-жауап кезеңінде қонақтарға сауал қойылып, студенттер тұшымды жауаптар алды. Мәдени кездесу жоғары деңгейде өтті.
Іс-шараны ұйымдастырушылар: дүние жүзі тарихы, тарихнама және деректану кафедрасының меңгерушісі Қ.Т. Жұмағұлов, деканның ғылыми-инновациялық жұмыс пен халықаралық ынтымақтастық жөніндегі орынбасары Г.Е. Сабденова, аға оқыт. М.Т.Раймбекова, куратор-эдвайзерлер Т.Н.Мухажанова, Р.О. Садықова, П.Н. Нұсқабай, А.К. Шоқатова.