- Негізгі бет
- Жаңалықтар
Халықаралық қатынастар факультетінде лингвистикалық лаборатория ашылды
04.12.2015Бұл күндері әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті халықаралық қатынастар факультеті өзінің жиырма жылдық мерейтойын атап өтуде. Халықаралық қатынастар факультеті - халықаралық қатынастар, халықаралық құқық, аймақтану және әлемдік экономика саласындағы мамандарды даярлау орталығы. Факультет түлектері дипломатиялық миссиялар, үкіметтік және үкіметтік емес халықаралық ұйымдар мен бизнес салаларында, Қазақстан мен одан тысқары жерлерде білім беру және ғылыми-зерттеу саласында көшбасшы қызметтерді атқарып жүр.
ХҚФ өзінің 20 жылдық тарихында шетел тілдеріне көңіл бөлу арқасында үлкен нәтижелерге қол жеткізді. Қазіргі таңда жоғары білікті кәсіби ұжымның жұмысының нәтижесінде сегіз шет тілін оқыту бойынша білім беру қызметін көрсетеді. Кафедра басшылығы мен ұжымы үнемі заманауи және инновациялық оқыту технологияларын қолдануға ұмтылады. Сондықтан да, шетел тілдерін кәсіби мақсатқа оқытуда интерактивті әдістерді одан әрі дамыту үшін дипломатиялық аударма кафедрасында жаңа лингвистикалық лаборатория ашылды.
Кафедра ұжымының қажырлы еңбегін, халықаралық қатынастар факультетінің түлектері Қазақстанның одан әрі дамуы үшін үлес қосатын мамандарды даярлаудағы оқытушылар құрамының тілдік құзыреттілігін жоғары бағалайды.
Бүгінгі лингвистикалық лабораторияның ашылуы бизнес өкілдерінің Қазақстандағы білім беру саласына қосқан демеушілік көмегі. ХҚФ түлегі «Қазақ-Қытай Құбыры» ЖШС Бас директоры Досанов Димаш Ғабитұлы лингвистикалық лабораторияның ашылуына 10 компьютер сыйға тарты. Сонымен қатар, халықаралық қатынастар, халықаралық құқық, аймақтану және әлемдік экономика мамандықтары бойынша оқитын төрт үздік студентке шәкіртақы тағайындады.
Лингвистикалық лабораторияның ашылу салтанатында «Қазақ-Қытай Құбыры» ЖШС Бас директорының кеңесшісі Аренов Арман Қанатұлы және ХҚФ еңбек ардагері, шет тілдер кафедрасының алғашқы кафедра меңгерушісі, ф.ғ.к., профессор Қайырбаева Роза Сахариқызы жиналған студенттер мен кафедра оқытушылары алдында сөз сөйлеп, олардың еңбектеріне шығармашылық табыс және сәттілік тіледі.