- Негізгі бет
- Жаңалықтар
GSM Қазақстан/Kcell-дің Қазақ ұлттық университетіндегі қонақтық лекциясы
08.02.2010Қазіргі әлемдік экономикалық кризис жағдайында Мансап секторы жұмысқа орналастыруға көмектесу және практика өту базасын кеңейту жұмыстарын белсенді жүргізіп жатыр. Мансап секторы сәтті мансап құру студенттік кезден басталатына кәміл сенеді. Сондықтан «Озаттық мектеп» шеңберінде Мансап секторы әр апта сайын студенттерге арнап, жұмысқа тұру және түлектердің әлеуметтік-құқықты қорғалуы туралы мәлімет алатын қонақтық лекция, мастер-класс және семинарлар ұйымдастырады.
6 ақпанда 2010 ж. Мансап секторының ынтасы бойынша Қазақстанның ұялы байланыс қызметтерін ұсынатын жетекші операторы GSM Қазақстан/Kcell «Қаржы экономика» тақырыбына экономика және бизнес, халықаралық қатынастар және механико-математика факультеттерінің мамандықтары үшін лекция топтамасын өткізді. Лекцияны басты есепші Ернар Накисбеков оқыды.
ҚазҰУ студенттері қонақтық лекция туралы өз әсерлерімен бөлісті:
Қалиева Айнұр, 3 курс, экономика және бизнес факультеті
- Қонақтық лекцияның тақырыбы қаржылық катаклизм кезеңінде өте өзекті болып табылады, басқа адамдармен байланыс жүргізетін кез-келген адамға пайдалы. Оны әр адам өзін танып білу үшін және араласып жүрген адамдарды тану үшін және алған білімін басқару үшін білу қажет.
Санжар Мақатов, 3 курс, экономика және бизнес факультеті
- Лекция интерактивті түрде өткізілді: құпия ашудын алдында немесе күрделі сұраққа жауап берудің алдында, Ернар өзімізді ойлануға және өз ойымызбен бөлісуге сұрады. Бір жарым сағат ішінде біздер қаржылы тәуекелді басқарудың негізгі түсініктерімен таныстық және қиын жағдайдан шығу туралы кеңестер алдық. Лекция өте ұнады, жаңа лекцияны асыға күтеміз!
Самал Абдреева, экономика және бизнес факультетінің 3 курс студенті
- Біздің университетте түлектерге бағытталған жобаларды ұйымдастыратын Мансап секторы бар екеніне өте қуаныштымын. Бүгін мен қаржылық есеп берудің қыр-сырларын біліп, кәсіптік және мансаптық мақсаттарды қою туралы кеңестерді естідім, - дейді Самал.
Лекция ақпан мен мамыр айларында әр сенбі сайын сағат 08:30-де экономика және бизнес факультетінің №3 залында өтеді. «GSM Қазақстан» көптеген қоғамдық жобаларға қолдау жасайды, соның ішінде ҚазҮУ Жұмысберушілердің кеңесінің жобасы да бар. Жыл сайын «GSM Қазақстан» 50-ге жуық қоғамдық бағдарламаларды іске асыруда. Осы күнге дейін компания қоғамдық салаға 5 млн. АҚШ долларына жуық инвестиция салды.