Дінтану және мәдениетттану кафедрасының докторанттары Утебаева Динара мен Кабиденова Жұлдыз PhD бағдарламасы бойынша Лондон қаласының Миддлсекс университетінде ғылыми тағылымдамадан өтуде.
Тағылымдама аясында докторанттар шетелдік ғылыми жетекшілері Әлеуметтік саясатты ғылыми-зерттеу орталығының (Social Policy Research Centre, at Middlesex University) содиректоры, профессор Луиза Райанмен кездесіп, ғылыми семинарларға қатысып,зерттеу жұмыстарына қатысты кеңестер алуда.
Сондай-ақ, докторанттар Әлеуметтік ғылымдар бойынша орталық (London Centre for Social Studies) мамандарымен кездесті. Кездесу барысында орталық координаторы Rosa Vercoe жас ғалымдар мен оқытушыларға арналған ғылыми-зерттеу бағдарламаларымен таныстырды. Сонымен бірге, кездесу аясында әл-Фараби атындағы ҚазҰУ мен Әлеуметтік ғылымдар бойынша орталық арасында тығыз қарым-қатынас орнату және ынтымақтастықты нығайту сияқты көптеген мәселелер талқыланды.