Жаңалықтар

Тіркеу бөлімі – студенттерге арналған сапалы қызмет түрі

23.02.2010

23 ақпанда әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-да жалпыуниверситеттік тіркеу бөлімінің ашылу салтанаты өтті.

- ЖОО-да тіркеу бөлімнің ашылуы ҚазҰУ білім беру сапасының әлемдік стандарттарға жауап беретіндігінің бірден бір дәлелі. Бұл талаптың орындалуы жөнінде биылғы Қазақстан Президентінің Жолдауында айтылды. Республиканың жетекші оқу ордасы ретінде ҚазҰУ әлем жоо-ның рейтингіне кіруге бар күшін салуда, - деді ҚазҰУ ректоры Бақытжан Жұмағұлов. - Ортақ бөлімшенің ашылуы студенттердің сапалы білім алуына және еңбек нарығында бәсекеге қабілеттілікті арттыруда аса тиімді.

Ортақ Тіркеу бөлімі - оқу жұмысына кредиттік жүйені енгізудің бірден бір жолы, студенттің таңдаған мамандығы бойынша сапалы білім алып, кәсіби білікті маман болып шығуына және жан-жақты шығармашылық қасиеттерін ашуға, оқу жұмысының жоспары бойынша қысқа уақыт мерзімінде жоо-ға түсуге мүмкіндік жасау. Кредиттік жүйе студенттің оқу жұмысына атсалысуға және индивидуалды сабақ кестесін дайындап алуына мүмкіндік береді. Бұл қызметте оқу жұмысын ұйымдастыруда бірқатар толықтырулар мен түзетулер енгізіледі.

Факультет студенттері салааралық пәндерді таңдау үшін он-лайн жүйесі арқылы тіркеуден өтуге мүмкіндіктері бар. Жаңа жүйе ақпаратпен толыққанды қамтамасыз етіп, қауіпсіз түрде нәтижелерін шығаруға және студенттің аттестациясы кезінде кикілжің оқиғалардың болдырмауын қадағалайды. Бөлімше қызметкерлері студенттер мен оқытушыларға тіркелуге, студенттердің үлгерімін көрсететін транскриптерді таратуға жауапты.

- Университеттің тіркеу бөлімі студенттерге кез келген уақытта оқу жұмысы жөнінде толық мағлұматпен қамтамасыз етіп, ақыл-кеңес береді. Бөлімшенің негізгі міндеті факультеттермен қарым-қатынас орнатып, студенттерге таңдаған мамандығы бойынша сапалы білім алуға барынша көмектесу. Мұның бәрі Болон үдерісінің талаптарына жауап береді, - дейді Болон үдерісі жөніндегі университет студенттер бюросының төрайымы Әйгерім Каюпова.

ҚазҰУ-дың Баспасөз қызметі