- Негізгі бет
- Жаңалықтар
- БАҚ ҚазҰУ туралы
БАҚ ҚазҰУ туралы
14.06.2016 qamshy.kz
ҚР мемлекеттік сыйлығының лауреаты Сәбит Досанов ҚазҰУ студенттерімен кездесті. ҚР мемлекеттік сыйлығының лауреаты Сәбит Досанов ҚазҰУ студенттерімен кездесті, - деп хабарлайды Qamshy.kz. Бұрын М.Шолохов атындағы халықаралық сыйлықтың лауреаты, Сергей Есенин атындағы «Золотая осень» дипломы мен орденімен, Василий Шукшин медалімен марапатталған, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, ҚР мемлекеттік сыйлығының лауреаты, қазақтың маңдайына біткен біртуар ұлы – Сәбит Досанов өзі түлеп ұшқан қара шаңырағы – әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде тағы бір зор марапатқа ие болды.
14.06.2016 Қазақпарат
Көрнекті жазушы Сәбит Досанов Махмұд Қашқари атындағы халықаралық сыйлықтың иегері атанды
Алматыда әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде көрнекті жазушы, ҚР Мемлекеттік сыйлығының иегері Сәбит Досановпен кездесу өтті. Оған университет басшылығы және профессор-оқытушы құрамымен қатар, Қазақстанның танымал ақын-жазушылары: Мыңбай Рәш, Дулат Исабеков, Ғалым Жайлыбай, Әзірбайжанның көрнекті ақыны Эльхан Зал Қараханлы, Алматы қаласы әкімдігінің жастар саясат басқармасының басшысы Нұрболат Сыздықов, Ресей қазақтарының атынан Дәмелі Тасмағанбетова және дарабоз күйші-композитор Шәміл Әбілтаев қатысты.
12.06.2016 Білімді ел - Образованная страна
Минералогия, шикізат физикасы мен ғарыш химиясы бойынша Франция ғылым қайраткері, Пьер және Мари Кюри университетінің профессоры Жорж Калас пен әл-Фараби атындағы ҚазҰУ ғалымдары мен студенттер арасында өткен дөңгелек үстелде топырақтың ауыр металлдармен зақымдану барысының көкейтесті сұрақтары, сонымен қатар, металлдық түр пайда болуы кеңінен талқыланды.
12.06.2016 Білімді ел - Образованная страна
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-да тұрақты даму бойынша ЮНЕСКО халықаралық кафедрасы ашылды.
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ ғалымдары мен БҰҰ, ЮНЕСКО өкілдерінің бірлескен мәжілісінде университет ректоры Ғалымқайыр Мұтанов ЮНЕСКО-ның бас директоры Ирина Бокованың қолы қойылған, университетте тұрақты даму бойынша ЮНЕСКО халықаралық кафедрасының ашылуын ресми түрде растайтын құжатты салтанатты түрде көрсетті.
10.06.2016 Қазақ әдебиеті
АЙДЫ АСПАНҒА ШЫҒАРУДЫҢ ЖОЛЫ.
Кезінде Ыбырай үлгі ететін «өнер-білім бар жұрттардың» ғылымдағы жетістігі бүгін тіпті таңғаларлық. Ал қазақ ғылымының көкжиегі қай тұста? Біздің ғалымдарымыз әлемді мойындатар қандай жетістікке жете алды? Әлде, бір ғалым ағамыз айтқандай, әлі күнге басы бар, аяғы жоқ немесе аяғы бар, басы жоқ реформаларды енгізумен уақыт өткізіп келеміз бе? Еліміздегі ғылым саласын ойға алғанда құдықтағы ай сәулесін көрісімен жіп ұшына ілгешек байлап, жалма-жан тартып шығармақ болған Қожекеңнің алаңғасарлығы ойға оралады.
10.06.2016 Айқын
Сәбит Досановқа Махмұд Қашқари сыйлығы тапсырылды. Қазақтың көрнекті жазушысы, драматург, сыншы, Мемлекеттік сыйлықтың иегері Сәбит Досановқа «Түрік әлеміне сіңірген аса зор еңбегі үшін» берілген Махмұд Қашқари атындағы халықаралық сыйлықты тапсыру салтанатына арналған әдеби кеш әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті кітапханасының үлкен конференц залында өтті. Басқосуды университет ректоры Ғалымқайыр Мұтанов ашып, жүргізіп отырды.
10.06.2016 QAMSHY.KZ
ҚазҰУ-да ЮНЕСКО-ның тұрақты даму бойынша халықаралық кафедрасы ашылды.
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ ғалымдары мен БҰҰ, ЮНЕСКО өкілдерінің бірлескен мәжілісінде университет ректоры Ғалымқайыр Мұтанов ЮНЕСКО-ның бас директоры Ирина Бокованың қолы қойылған, университетте тұрақты даму бойынша ЮНЕСКО халықаралық кафедрасының ашылуын ресми түрде растайтын құжатты салтанатты түрде көрсетті.
09.06.2016 Дала мен қала
Жорж Калас Қазақстанға келді.
Минералогия, шикізат физикасы мен ғарыш химиясы бойынша Франция ғылым қайраткері, Пьер және Мари Кюри университетінің профессоры Жорж Калас пен әл-Фараби атындағы ҚазҰУ ғалымдары мен студенттер арасында өткен дөңгелек үстелде топырақтың ауыр металлдармен зақымдану барысының көкейтесті сұрақтары, сонымен қатар, металлдық түр пайда болуы кеңінен талқыланды.
09.06.2016 Экономика
Тіл үйренудің тиімді жолдары
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде 2 маусым күні білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиев «Шетел тілдерін жетік меңгерудің замануи-ғылыми негіздері» атты тақырыпта дәріс оқыды. Дәріске еліміздің алдыңғы қатарлы ЖОО-ларының ректорлары және университет ұстаздары мен студенттері қатысты. Үш тұғырлы тіл мәселесі арқау болған дәрісте шетел тілдерін үйренудің жаңа бағыттары мен басты ережелері айтылды.
09.06.2016 Ана тілі
Сәбит Досанов – Махмұт Қашқари атындағы сыйлықтың иегері.
Қазақтың әйгілі жазушысы Сәбит Мұқанов Сәбит Аймұханұлының «Ақ аруанасы» жайында: «Досановтың «Аруана» хикаясында аналық түйе мен оның ботасын сипаттауы адамнан бетер. Тілсіз түйенің мекенін, балажандығын сипаттағанда Сәбит оқырмандарының сана-сезімін толғандырып кейде көзіне жас алғандай халге келтіреді.