БАҚ ҚазҰУ туралы

БАҚ ҚазҰУ туралы


02.03.2011 "Айқын" Республикалық қоғамдық-саяси газет

«Ректорлардың эталонына» ескерткіш қойылды

02.03.11.

Қазақ университеттерінің қара шаңырағы - қазіргі ҚазҰУ, сол кездегі Киров атындағы ҚазМУ-ды басқарған уақытында Кеңес Одағындағы ең үздік үш университеттің қатарына кіргізген қоғам қайраткері, ғылым мен білімнің үйлестірушісі, ғұлама ғалым, қазақстандық роботтар механикасы, механизмдер және машиналар теориясы мектебінің негізін қалаған Өмірбек Жолдасбековтің туғанына биыл - 80 жыл. Ғылым мен ұйымдастырушылықтың тізгінін қатар ұстаған қазақтың біртуар ұлына кеше өзі салғызып кеткен »ҚазҰУ қалашығында» І халықаралық Өмірбек Жолдасбеков симпозиумы ашылды.

Ескерткіштің ашылу салтанатына шетелдік және еліміздің белгілі ғалымдары мен Өмірбек Арысланұлының туыстары, шәкірттері қатысты.
- Өмірбек Арысланұлы М.Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетін бітіргеннен кейін өмір жолын тек қана ғылым және біліммен байланыстырды. Ол - 1971 жылы ректор болғаннан бастап, 16 жыл осы қалашықтың салынуына себепкер болып, негізін қалаған кісі. Бүгінгі ескерткіштің ашылуы - Өмірбек Арысланұлының рухына деген тағзым, сый-құрметіміз. Ол әлемге жоғарғы класты машина жасау мен механизмдерінің теориясын жасаған үлкен ғалым ретінде танылды. Білім мен ғылымды ұштастырып, ғылымның жетістігін тәжірибеге енгізуде көп еңбек сіңірді. Соңғы жылдары еліміз егемендік алғаннан кейін кәсіби Парламенттің құрылуына еңбегін сіңірген үлкен қоғам қайраткері. Көптеген шәкірттерді оқытып, 100-ге жуық ғылым кандидаттары мен докторларын дайындады. Сол кісінің шәкірттері бүгінде еліміздің дамуына өз үлестерін қосып жүр. Өз елі үшін аянбай еңбек еткен Ө.Жолдасбековтей жандар халықтың жадында мәңгі қалады, - деді ғалымның шәкірттерінің бірі, Білім және ғылым министрі Бақытжан Жұмағұлов.
Белгілі ғалымға ескерткіш орнату шешімі 2010 жылдың 3 қарашасында қабылданған. Өмірбек Жолдасбековтің ескерткіші қойылған алаңқай оның өз атымен аталатын Студенттер сарайының сол жағынан таңдалыпты. Мүсінші Кәдірхан Кәкімовтің қолынан шыққан мүсіннің биіктігі - 2 метр болса, ені - 1,3 метр, тұғыр іргетасы 5 метрден асады.
- Біз бүгін үлкен ғалым, керемет адамның рухына тағзым етіп тұрмыз. Ол - тек қазақтың ғана емес, әлемдік деңгейдегі ғылымның інжу-маржаны. Бірнеше жыл араласқан уақытта егер адам талантты болса, барлық салада талантты болатынына көзім жетті. Өмірбек - көрнекті ғалым, қабілетті ұйымдастырушы, аты үлкен әріппен жазылатын ұстаз. Ол кісіде «жоқ» деген сөз болмайтын, әркез қасыңнан табылатын еді. Түрлі жиындар мен симпозиумға қатысқан кезде оның қолдауы әркез сезіліп отыратын. «Ғалымның хаты өлмейді» демекші, жыл өткен сайын ол кісінің бейнесі тұлғалана береді, - деп атап өтті ғалымның әріптесі Юрий Мацевитый.
«Ректорлардың эталоны» атанған Өмірбек Арысланұлы - тек қызметте, ғылымда ғана емес, отбасылық өмірде керемет үлгі көрсеткен адам. Ол кісінің ұл-қыздары да ғылым жолын қуып, бүгінде елімізге белгілі ғалым атанып отыр.


02.03.2011 "ҚазАқпарат" Ұлттық ақпарат агенттігі

ҚазҰУ-де әйелдер ұйымын тұңғыш құрған профессор Мая Бағысбаева атындағы аудитория ашылды

АЛМАТЫ. 1 наурыз. ҚазАқпарат /Әділет Мұсахаев/ - Академик Өмірбек Жолдасбеков симпозиумы аясында әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің филология факультетінде филология ғылымдарының докторы, білім ордасында әйелдер ұйымын тұңғыш құрған профессор Мая Мұхаммедәлиқызы Бағысбаева атындағы аудиторияның салтанатты ашылуы болды.

Замандасының қайраткерлігін ұлықтай келген КСРО халық әртісі, Социалистік Еңбек Ері Бибігүл Төлегенова және игі шараның орын алуына ұйытқы болып отырған ҚазҰУ ректоры Ғалымқайыр Мұтанов профессор атындағы аудиторияның тұсауын кесті.

Бибігүл Төлегенова Мая Бағысбаева университетте қызмет еткен жылдары онымен жиі араласып тұрғандығын, өзара бас қосып, сол кезде, әсіресе болашақ ана - қыз бала тәрбиесі туралы кеңінен кеңескендерін айта келе: "Мая - өте ұлағатты адам. Оның аналық қасиеті қандай биік еді. Сол қасиеті оның отбасын да үлгілі етті. Ол - академик Өмірбек Жолдасбековтің жары. Екеуі де ұлағатты жандар. Бүгінде ұрпақтары олардың ізін жалғап отыр", - деді.

Алаштың "бұлбұлынан" кейін Мая Мұхаммедәлиқызының қайраткерлігі, ұстаздығы, еңбек жолы турасында айтылған естеліктер легі жалғаса берді. Кейінгі ұрпаққа өлшеусіз асыл мұра қалдырған ұстаз жайлы ректор Ғалымқайыр Мұтанұлы: "Ұлағатты істі ұлықтауда естеліктер түрлі болады. Ол кітап болуы мүмкін немесе мемориал, ескерткіш тақта болауы мүмкін. Ендеше біз бүгін ғылыми, тәрбиелік маңызы бар естелікке куә болып отырмыз. Профессор Мая осы шаңырақта өз шәкірттерін қанаттандырып, келбетін қалыптастырып кетті. Бұл аудиторияда ол зертханалық жұмыстармен айналысып, ғылыми мектеп орнатты. Ендеше мұндай аудиторияның ашылуы үлкен тәрбиелік мәнге ие. Мая еңбектерін әдебиетпен байланыстыратын болсақ, академик Өмірбек Арысланұлының тұлғасы да осы аудиториямен байланысы бар", - деп атап өтті.


02.03.2011 "ҚазАқпарат" Ұлттық ақпарат агенттігі

01.03.2011 / 13:07

Академик Ө.Жолдасбековтің ескерткіші бой көтерді

АЛМАТЫ. 1 наурыз. ҚазАқпарат /Әділет Мұсахаев/ - Бүгін Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде көрнекті ғалым, академик Өмірбек Арысланұлы Жолдасбековтің 80 жылдық мерейтойы қарсаңында оған арналған ескерткіштің салтанатты ашылуы болды.

Салтанатты шарағаҚР Білім және ғылым министрі Бақытжан Жұмағұлов, Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың ректоры Ғалымқайыр Мұтанов, ғылыми қоғам өкілдері, Ө.Жолдасбековтің туыстары және оның Ресей, Италия, Германия, Украина, Беларус, Әзірбайжан, Өзбекстан, Қырғызстан елдеріндегі әріптестері қатысты.

Қазақстандағы роботтар механикасы, механизмдер және машиналар теориясы мектебінің негізін қалаушы, академик көзі тірі болғанда бүгін 80 жасқа толар еді. ҚР Білім және ғылым министрі Бақытжан Жұмағұлов Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетін тәмамдағанан кейін ғалымның бар өмірі ғылым, біліммен байланысты болғандығын айтып өтті. «Ол ғаламдық деңгейдегі ғалым, жақсы ұйымдастырушы, елдің жетекші ЖОО-ларын дамытуда баға жетпес еңбек қалдырған адам. Ол кісі көзі тірісінде-ақ ғылыми жаңалықтар мен жаңа мамандықтарға ғылыми орталықтар ашуға ұйытқы болды. Сонымен қатар ол ел тәуелсіздігін құру жылдары мемлекеттің заң шығарушылық қызметіне өз үлесін қосты», -деді министр.

«Біз айтулы оқиғаға қатысудамыз. Қазақстаннан тысқары аймақта да танымал болған ғалым, ұлы адамға құрмет көрсетудемiз. Ол ғылымның әлемдік деңгейдегі жауһары. Ө. Жолдасбековтың аты ғалым ретінде үлкен әріппен қаланып, ғылымдағы мықты ұйымдастырушылық қабілетімен жас ғалымдарға үлгі болып қалары анық», -дейді Халықаралық инженерлік академиясының вице-президенті, Украина инженерлік академиясының академигі Анатолий Васильев.

Ал өз кезегінде ҚР ҰҒА-ның президенті Мұрат Жұрынов артында іздеушілер, адал шәкірттері бар Өмірбек Арысланұлы шын мәнінде бақытты, еш уақытта аты өшпейтін, жарқын бейнесі жүректе мәңгі сақталатын ұлы абыз ардагер екендігін айтты.


02.03.2011 "ҚазАқпарат" Ұлттық ақпарат агенттігі

01.03.2011 / 13:28

ҚазҰУ-де физика факультетінің заманауи жаңа оқу ғимараты салтанатты түрде ашылды

АЛМАТЫ. 1 наурыз. ҚазАқпарат /Әділет Мұсахаев/ - Бүгін бірінші халықаралық Жолдасбеков симпозиумы аясында Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде физика факультетінің соңғы құрал-жабдықтармен қаматамасыз етілген заманауи жаңа оқу ғимаратының салтанатты ашылуы өтті.

Ашылу салтанатына ҚР Білім және ғылым министрі Б.Т. Жұмағұлов, Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ ректоры Ғ.М. Мұтанов, Қазақстан Республикасының жетекші ғалымдары мен қара шаңырақ ұжымы факультеттегі зертханаларды аралап, соңғы технологиялық жабдықтармен танысты.

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті - Қазақстандағы ірі білім мен ғылым орталығы, жоғары кәсіби, жоғарғы оқу орнын тәмамдағаннан кейінгі білім мен ғылымды инновациялық дамытудың көшбасшысы. Оқу орнының физика факультеті - физика ғылымдары саласында жоғары білікті мамандарды дайындау бойынша кеңінен танылған тәлімді ғылыми орда. Үздік ғылыми физика мектептерінің дәстүрін сақтай отырып, факультетте 30-дан аса ғылым докторы, профессорлар мен 100-ден аса ғылым кандидаты, доцент жұмыс жасайды. Олардың ішінде Ғылым мен техниканың қайраткерлері, ҚР ҰҒА, ХҒА академиктері, Мемлекеттік стипендиялардың жүлдегерлері, түрлі жылдардағы «ЖОО үздік ұстазы» гранттарының иегерлері бар. Физика факультеті 17 шетелдік ЖОО-мен (Германия, Англия, АҚШ, Испания, Италия, Ресей, Жапония) бірлесе отырып, теориялық және қолданбалы физика саласындағы мамандарды дайындайды.


02.03.2011 "Казахстанская правда" Общенациональная ежедневная газета

03.02.2011

Пассионарий Джолдасбеков: творить для грядущих поколений

Вчера в Казахском национальном университете им. Аль-Фараби прошли первый международный Джолдасбековский симпозиум и торжества, посвященные 80-летию со дня рождения академика Умирбека Джолдасбекова – известного организатора науки и образования Казахстана, видного государственного и общественного дея­теля, основателя казахстанской школы механики роботов, машин и механизмов.

В симпозиуме приняли участие министр образования и науки Бакытжан Жумагулов, ректоры вузов, депутаты Парламента РК, известные ученые в области механики из России, Италии, Германии, Беларуси, Азербайджана, Украины, Узбекистана, Кыргызстана, родные и близкие ученого.

– Сегодня у каждого, кто знал академика Джолдасбекова, в душе огромная благодарность этому замечательному человеку, так много сделавшему для казахстанской науки, образования и общества, – сказал министр образования и науки Бакытжан Жумагулов. – Умирбек Арисланович – уникальная личность. С его именем связаны новое для Казахстана научное направление, новые специальности, создание новых лабораторий, кафедр, научных центров, студенческого городка, наконец, создание Инженерной академии Казахстана, сегодня имеющей статус Национальной. 25 лет назад Умирбек Арисланович дальновидно говорил: «То, что в науке мы нарабатываем, должно тут же внедряться в учебный процесс». Этим мы занимаемся сегодня.

Жемчужина науки мирового масштаба, пассионарная личность, Учитель с большой буквы, сгусток ума и неиссякаемой энергии, генератор идей, самородок – так отзывались об Умирбеке Арислановиче его друзья и коллеги. Он обладал редким умением отстаивать свою позицию и находить дорогу к сердцам людей. Красиво читал лекции, доступным языком говорил о машинах, как о своих чадах. Человек удивительной харизмы, он всегда был на первых ролях, и его появление всегда оживляло аудиторию.

Говорят, человек сам творит свою судьбу. Вышло так, что из 12 детей в семье Джолдасбековых выжили только двое: Умирбек был самым младшим, но крепким духом, целеустремленным. Школу-интернат в Шымкенте окончил с золотой медалью, поступил на механико-математический факультет МГУ им. М. Ломоносова. Чтобы помочь семье после смерти отца, делал тяжелую работу – разгружал вагоны. Но красный диплом получил, с блеском защитил кандидатскую диссертацию, прошел все ступени роста.

Молодой специалист вернулся на родину, а в 39 лет ему доверили возглавить самый крупный и старейший вуз страны – Казахский государственный университет им. С. Кирова. За 16 лет плодотворной работы, проявив яркий талант организатора и руководителя, Умирбек Арисланович вывел КазГУ в число лидеров среди советских вузов. Многие выпускники с ностальгией вспоминают университет времен ректора Джолдасбекова.

Как ученый, он создал научную школу, передовую теорию в сфере анализа и синтеза механизмов высоких классов, благодаря чему впервые разрабатывались графоаналитические методы структурного, кинематического и динамического анализа и синтеза механизмов высоких классов, методы проектирования новых эффективных машин.

– Воистину правы те, кто считал: счаст­лив тот, кто после себя оставил хорошую школу и преданных делу учеников, – сказал президент Национальной академии наук РК Мурат Журинов. – Такую школу, которой может гордиться Казахстан, оставил после себя Умирбек Джолдасбеков.


02.03.2011 "Вечерний Алматы"

1 марта 2011

Образование

1-2 марта в КазНУ им. Аль-Фараби пройдут первый Международный симпозикм и торжественные мероприятия, посвященные 80-летию со дня рождения академика Умирбека Арислановича Джолдасбекова. В числе приглашенных – известные ученые в области механики из России, Италии, Германии, Белоруси, Азербайджана, Украины, Узбекистана, Кыргызстана, руководители вузов и научных институтов, родные и близкие академика.


01.03.2011 "Егемен Қазақстан" Жалпыұлттық Республикалық газет

Заңғар

1 Наурыз 2011

Жарық дүниенің табалдырығын бала болып аттап, Алла бұйырған өмір жо­лы­ның жүгін абыроймен көтеріп, азамат­тық парызды адал атқарып, дана болып, та­рихта қалу екі адамның бірінің маң­дайына жазыла бермеген. Мен осы сөз­дерді ақ қағазға түсіргенде көз алдыма – сом алтыннан құйылғандай кескін келбеті кемел, айбарлы, ажарлы, атына за­ты, біліміне білігі, парасатына пайымы сай ұлы ұстазым Өмірбек Арысланұлы Жол­дасбеков келді.

Ал көңілімнің көкжиегін – ұстазым­ның өз тұлғасы, яғни оның дарыны мен қа­рымының жемісі, әлемдік деңгейде жо­ғары бағасын алған ғылыми еңбек­те­рі кеңейтті. Қадірліміздің қасиетін тара­тып айта берсем жетіп артылады. Иә, «Өл­ді деуге сия ма, ойлаңдаршы, Өл­мей­тұғын артына сөз қалдырған», деп ұлы ойшыл, хакім Абай айтқандай, дара тұл­ғаның ғылымның қия жолынан мү­дір­мей өткен, мақсат биігіне сүрінбей жет­кен, алға қойғанын бұлжытпай орын­даған қазақтың арыс ұлы Өмірбек Арыс­ланұлы 80-ге келді. Өмірден оз­ға­лы бері де 12 жыл заулап өте шығыпты.

Біртуар, тұғыры мықты Өмірбек аға­ның атаулы күнін, яғни бұдан бұрын 70 жыл­дығын, енді 80 жылдығын өзінсіз атап өтейік деп отырмыз. Ұлтымыздың бет бейнесі, абырой беделі саналған жақ­сының жақсылығын айтып, кейінгі өс­кін ұрпаққа үлгі ету біз үшін қарыз да па­рыз деп білемін. Мұны ұлттық өне­гемізге сай дәстүрге айналдыру – ұрпақ­тар сабақтастығын қалыптас­тырады. Өт­­кен­ді ұмытпай, әсіресе халқымыздың Өмір­бек ағадай арыстарын әспеттеу үр­дісін де орнықтырады. Ғалым: «Өткенді рет­ті-ретсіз сынап-мінеп, дым көр­ме­ген­дей бола қою тарихқа қиянат болмай ма? Адамзат тарихында талай рет дә­лел­денгендей, өткенге тас лақтыра бергеннен пайда таба қояр ма екенбіз?! Ке­лешектің бізді зеңбірекпен атпасына кім кепіл? Әсілі, өткеннен тиісті қо­ры­тын­ды жасау, кеткен кемшіліктен сабақ ала білу – аса парасатты парыз болуға тиісті. Заман талабына сай жаңару, жетілдіру ылғи да табиғи болып отыратын құ­былыс емес пе?», депті бір мақа­ла­сын­да. Шынында, өткенді талдай отырып са­бақ алу, алдыңғы толқынның еңбегін бағалап, кейінгі ұрпақтың игілігіне жарату өсер елдің өркенді ісі.

Өмірбек Арысланұлы – ең алдымен тұлпар тектес, төрт құбыласы тең ұстаз еді. Оның алдынан мыңдаған шәкірт білім алды. Жүздеген мықты мамандар, ондаған оқымыстылар шықты. Қазақ­тың байтақ даласындай кең пішілген кел­беті қашан көрсең жылу шашып тұ­ратын. Құшағы кең, жүрегі дархан, кө­ңілі шуақты – міні кем, кісілігі мен кішілігі тең еді. Сөйлесе шаралы жанарына сыр бүкпей, ағынан жарылатын, ақыл айт­са, шын пейілімен айтатын. Ол кісімен пікір бөліскенде ұшан-теңіз білім жау­һарынан нәр алып, мұхиттың айды­нын­да жүргендей қанаттанып отыра­тын­сың. Адамды алалау, намысқа тию, қысқа қылықтың жетегіне еріп қиянат жасау, орынсыз ашу шақырып, жөнсіз тиі­су оған жат еді. Досқа адал, жолдасқа жолбасшы болатын. Үлкеннің алдын қи­ып өтпейтін, ініге мейірімді еді. Жалт етіп бір қарағанда сенің бүкіл жан­дү­ниең­ді, не айтқалы отырғаныңды, ой-өл­шеміңді айнадағыдай анық біле қоя­тын. Арың таза, талантың тас жарып тұр­са, бауырына тартатын, балапандай бау­литын, баласындай алақанында ұс­тай­тын. Жетпей тұрған тұсыңа қам­қор­лық көрсететін. «Адамның адамдығы – ақыл, ғылым, жақсы ата, жақсы ана, жақ­сы құрбы, жақсы ұстаздан болады» (Абай) деп, қарғадайымыздан қасында жүр­ген Өмекеңнің інілері мен шәкірт­тері біздер, асыл азаматтың барлық жақ­сы қасиеттеріне қанықпыз. Соны кейінгі жастарға қалыбын бұзбай, өнегесін үз­бей жеткізсек, алдыңғы толқын мен ке­йін­гінің арасына алтын көпір болсақ дейміз.

Ардақты жанның жайшылықта жай­саң әзілі мен қалжыңын қатар қойып, жүзі нұрланып жүргенмен жұмысқа келгенде іскер еді. Ғылыми еңбекке отыр­ған­да табан аудармай, бүкіл қуат-күшін соған арнайтын. Мақсатына жеткенше, ал­дына қойған ісін тындырғанша қоз­ға­ла қоймайтын. Ізденген үстіне іздене беретін. Дәлелді сөзге тоқтайтын, дәйексіз сөзге мойын бұрмайтын. Құбылаға қа­рап қырық құбылғанды, жалтақтап, жал­­пақтағанды, сөзінде бәтуа, ісінде береке жоқ тұрақсызды маңайына жолат­пай­тын. Айбын десең айбын бар еді. Өжеттік десең, ол да өн бойынан та­былатын.

Ой түбінде қорытылып, ақылмен үй­лес­кен ғұламаның өмір кезеңдерін ой еле­гінен өткізсең, ауылдан басталған ал­ғашқы қадам, бел белеске ұласып, одан соң жас жігіттің бойын кернеген қа­рымды білім шырқау шыңға бет ала­ды. Дәуір алмасып, ұрпақ жаңарып жа­тыр ғой. Сол себептен де мен Өмірбек Арысланұлының балауса шыбықтың тамыр жая келіп, мәуелі бәйтерекке айналатыны секілді, оның өткен жолын аз да болса таратып айта кетсем деймін.

Мектепті алтын медальмен бітірген, арманы асқақ, қиялы болат қанатты қы­рандай көкке самғаған болашақ ғалым бірден Мәскеуге жол тартады. М.Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік уни­верситетінің механика-математика фа­куль­тетіне оқуға түсіп, оны үздіктер қатарында бітіріп шығады. Туған еліне оралып, теориялық білімді тәжірибе үс­тінде дәйектеу мақсатында Шымкент қала­сындағы Қазақ технология институ­ты­ның математика және механика кафе­драсына оқытушы болып қызметке тұрады. Терең білім, тегеурінді қадам оның адымдап алға озуына молынан мүм­кіндік береді. Аға оқытушылықтан ме­ханика факультетінің деканына кө­теріл­ген тұста, жұмыстың қызығымен кет­пей ғылымның қия жолында бақ сы­насам деген ой оны тағы да Мәскеуге жетелейді. Ондағы тоқыма институтының аспирантурасына қабылданып, үздік бітіріп, кандидаттық қорғаған алымды жігітті оқу орнының басшылығы ұстаздық қыз­мет­ке қалдырады.

Бірақ кісі елінен өз жұртын жоғары қойған Өмекең қайтадан атамекеніне келіп, бұрынғы Қазақ политехника инс­ти­тутына доцент болып жұмысқа тұрып, ар­тынан кафедра меңгерушісі, декан, про­рек­торлық қызметтерді абыройлы атқарады.

Одан кейін қазіргі Әл-Фараби атын­дағы Қазақ ұлттық университетіне рек­торлыққа ауысып, 16 жыл сонда еңбек етті. Осы уақыт ішінде сан қырлы, бір сыр­лы талант иесі ұйымдастырушылық жұ­мыстарында да, ғылым әлемінде де үлкен жетістіктерге жетті. Механика-математика саласындағы теориялық ізденістері өн­дірісте өз жемісін беріп, үлкен абырой, атақ­тарға кенелді. Қазақстанның Ұлттық ғылым академиясына академик болып сай­ланып, Мемлекеттік сыйлықтың лау­реаты, Ғылымға еңбегі сіңген қайраткер дәрежелерін иеленді. 24 ғылым докторын, 90-нан астам ғылым кандидаттарын әзір­леді. 400-ден астам ғылыми еңбектің ав­торы атанса, оның ішінде 18 монография, 30 оқу құралы бар. Ең бастысы, Өмірбек Арысланұлы қазақ топы­ра­ғын­да механизмдер және мәшинелер теориясын, мәшинетану жөніндегі тұңғыш қазақ тер­ми­нологиясын жасады. Университеттер мен жоғары оқу орындары үшін механизм және мәшине теориясы туралы қазақ тілінде бірінші оқулықты жазып, шығар­ға­нын ерекше айтуға болады. Бұл орыс тілі дәуірлеп, қазақ тілі қаға берісте қалған 1972 жыл еді.

Пайым-парасаты, ой-өлшемі қашан да ілгері жүретін академик өміріндегі тағы бір елеулі кезең, жоғарыда айтқа­ны­мыз­дай ұлт үшін, жұрт үшін тер төккен жыл­дары еді. Онысы кейін солақай саясаттың қаһарына ілініп, біраз қалжыратты. Бірақ рухын жығып, от болып жанған үмітін өшіре алмады.

Академик Жодасбековтың сан қырлы дарыны, қажыр қайраты, көрегендігі ҚазМҰУ-ды басқарған тұста ерекше көз­ге түсті. Жастарға білім беріп, тәрбие үй­рету үшін алдымен оларға жағдай жасау­ды алға оздырған азамат – оқу орнының ауқымды жер­ге жаңа қалашығын салуды ойластырды. Бұл істе ол іскерлігімен де, іс­мерлігімен де танылды. Толқын-толқын ұрпақ білім ала­тын орданы тұрғызу тұ­сында құрылыс­шылармен қатар жүріп, ақылдың да, еңбек­тің де ерен үлгісін көрсетті.

Осы алып кешен туралы әңгіме бола қал­са, ол өзінен гөрі өзге азаматтарды, ат салысқан, қолұшын бергендерді аузынан тас­тамайтын. Қазақ топырағындағы жал­ғыз университеттің ғимаратын мен емес, ел салды, Димаш Ахметұлы, Бәйкен Әшім­ұлы, Нұрсұлтан Әбішұлы, тағы да бас­қа азаматтар бел шешіп кірісті, ұлттың ұлттық университеті әлемдік дәрежеде болу керек, кемдік көрмеуі қажет, төрт құ­быласы сай болсын деді. Соны істерімен дәлелдеді.Үлкен жауапкершіліктің, үлкен мақсаттың үдесінен шыға білді.

Жұмған жұдырықтай болған ел аза­маттары, әсіресе Өмірбек Арысланұлы сол кешен арқылы артына өшпес белгі қал­дырды. Біз білім ордасына келген жастар Өмекеңнің еңбегін біліп жүрсін деп бас ғимараттың алдына ол кісінің аты-жө­нін жазып, еңбегін көрсететін мәрмәр тақта қойдық.


01.03.2011 "Казахстанская правда" Общенациональная ежедневная газета

КазНУ: продолжая славные традиции. Идея о сочетании науки и практики воплощается в модели исследовательского университета

Казахский национальный университет им. Аль-Фараби по праву гордится своими традициями и достижениями на поприще науки и образования. История первой кузницы кадров Казахстана тесно связана с именем видного ученого и руководителя Умирбека Джолдасбекова (на снимке). Новая стратегия образования и науки в университете, сформулированная им, содержала глобальный взгляд на развитие вузовской системы. Все значимые научные достижения в робото­строении, математике и механике, нефтедобывающей промышленности, биологии, химии, геодезии были заложены при его поддержке.

Университет был основан в 1934 году прошлого столетия. Тогда открылись первые факультеты – физико-математический, биологический, химический, иностранных языков, подготовительное отделение для казахской молодежи. Вместе со всей страной университет испытал все трудности Великой Отечественной войны и послевоенного времени. В те годы крупнейшие научные коллективы и лаборатории Москвы, Ленинграда, Киева, Минска и других городов волею судеб влились в научное и образовательное пространство Казахстана. И именно тогда были заложены фундаментальные основы системы высшего образования нашего государства.

В стенах университета читали лекции, теоретическими и практическими исследованиями руководили такие выдающиеся деятели науки и культуры, как Каныш Сатпаев, Мухтар Ауэзов, Алькей Маргулан, Дмитрий Сокольский и многие другие талантливые ученые. Так создавалась научная школа вуза.

Авторитет Умирбека Джолдасбекова, творческие идеи, талант организатора стали мощным стимулом для создания новых научных школ и открытия плеяды ярких ученых. В каждом молодом исследователе он раскрывал научный потенциал, помогал ему развиваться, поддерживал и вдохновлял на свершения. Благодаря своему дару Умирбек Арисланович привлекал в науку талантливых молодых специалистов, формируя новый научный пласт страны международного масштаба.

Кардинальные реформы в системе университета, проведенные У. Джолдасбековым, позволили позиционировать вуз как самостоятельный научно-образовательный центр республики. Разработки и открытия университет­ской науки стали известны в стране и за рубежом. Иностранных специалистов привлекали как личность самого ректора – харизматичного и открытого, щедро делившегося научными идеями и концепциями, так и его профессиональная команда единомышленников, создававших некоторые научные проекты буквально с нуля.

Тезис «Наука – в жизнь» был его кредо, смысл которого обеспечивал связь теории с практикой. Он создавал условия для студентов с первых шагов учебы в университете, привлекал к реальным научным проектам, востребованным промышленностью и народным хозяйством.

Первопроходец в системе университетской архитектуры, Умирбек Арисланович все задуманное воплощал творчески, заимствуя лучшее из практики зарубежных вузов, которые посещал в составе правительственных делегаций от казахстанского образования.

Он смело создавал в структуре университета новые факультеты, кафедры, лаборатории, конструкторские группы, что позволило начать выпуск специалистов с фундаментальным университетским образованием. Впервые инициировав созыв Всесоюзных съездов по отраслям наук, с приглашением светил ведущих мировых научных школ, он построил мост между учеными Казахстана и зарубежья. У. Джолдасбеков сам смело выходил на международный уровень и выводил казахстанских ученых на мировую арену науки, привлекая зарубежных ученых к совместным научным разработкам.


24.02.2011 "Казахстанская правда" Общенациональная ежедневная газета

24.02.2011Архив раздела

«Бекмаханов» в ЖЗЛ

В Алматы в Казахском национальном университете им. Аль-Фараби состоялась презентация книги Медеу Сарсеке «Бекмаханов», выпущенной в Москве в серии «Жизнь замечательных людей».

Как отметил автор, с обретением независимости в Казахстане резко возрос интерес к истории, жизни и деятельности борцов за свободу и суверенитет страны. В плеяде замечательных патриотов почетное место занимает видный ученый, историк, член-кореспондент АН КазССР Ермухан Бекмаханов (1915–1966).

Совместно с видным историком А. Панкратовой Бекмаханов написал «Историю Казахской ССР». Изданная 1943 году, она стала первым фундаментальным научным трудом по национальной истории. Параллельно он самостоятельно работал еще над одной книгой– «Казахстан в 20-е и 40-е годы XIX века», посвященной национально-освободительным движениям в Казахстане. В этом труде Бекмаханов впервые охарактеризовал сопротивление казахов колониальной политике царской России как борьбу за независимость, а вдохновителя вооруженных восстаний Кенесары Касымова вопреки официальной идеологии показал как национального лидера. Книгу впоследствии запретили, и она была издана снова только через 45 лет.



23.02.2011 «Алаш айнасы» республикалық қоғамдық-саяси ақпараттық газет

23.02.2011

Ауғандық жастар Мұқағалиды жатқа оқыды

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың шетел азаматтарына арналған дайындық факультетінің тыңдаушылары қазақтың ақиық ақыны Мұқағали Мақатаевтың 80 жылдық мерейтойына орай «Мен өмірді жырлау үшін келгенмін» атты жыр кешін ұйымдастырды.

Жыр кеші дайындық факультетінің тыңдаушысы Жазигүл Қанаштың ақын өмірі мен шығармашылығына арналған баяндамасымен ашылды. Шара барысында ҚР Президенті бағдарламасымен университетімізде білім алып жатқан Ауғанстан Ислам Республикасынан келген тыңдаушылар ақын өлеңдерін мәнерлеп оқудан сынға түсті. Қазақ жеріне келгендеріне төрт ай ғана болған, тілді енді ғана меңгерген ауған жастары ақын өлеңдерін тебірене жырлап, көрермендерді тәнті етті. Жарысқа қатысқан 13 тыңдаушының ішінен харун Корризадах- бірінші орынды, Сайд Ахмад Хусайн мен Мохаммад Найм Мохамади –екінші орынды, Абдулла Ахмади мен Мохаммад Риза Ризай үшінші орынды иеленді. Кеш соңы факультетте білім алып жатқан қазақ диаспорасы өкілдерінің, филология, журналистика факультетінің, Абай атындағы ҚазҰПУ-дан келген жас ақыннын Мұқағалиға арналған өлеңдерін оқумен жалғасты.